Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Депутаттар қарызға белшесінен батқан тұрғындардың шетелге шығуын қолдады

Опубликовано:

Бірнеше депутат бүгін Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевқа несие бойынша қарызы бар Қазақстан тұрғындарының шетелге шығуына салынған тыйымды алып тастау туралы ұсыныс айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Халық қалаулылары банктерге жататын жеке ұйымдар қарыз алушыларды таңдау кезінде өз қателіктеріне байланысты адамдардың қозғалысын шектемеуі керек деген ұсынысын айтты.

Әріптестерінің атынан депутаттық сауал жолдаған Ирина Смирнованың айтуынша, пайданы көздеген банктер кімнің несиесін жаба алатынын, кімнің төлей алмайтынын айырудан қалған.

Сөзіне дәлел ретінде ол Moody’s рейтингтік агенттігінің мәліметтерін келтірді. Ол жерде сарапшылар республикада несие берудің түрлі жолдары көбейіп кеткенін, оның салдары дағдарысқа әкеп соқтыратынын айтқан.

"Мұның бәрі банк секторындағы сапасыз бқылаудың, банктердің әлсіз басқаруының және қаржылық сауаттылық деңгейінің төмендігінің нәтижесі болды", - деді Смирнова.

Сондай-ақ, ол несиесін өтей алмайтын адамдарға несие беретін банктерге қойылатын талаптарды қатаңдату керектігін айтты. Оның айтуынша, мұндай проблемалар тек әлеуметтік жағынан ғана емес, еліміздің рйетингіне де нұқсан келтіреді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1827045-deputattar-karyzga-belsesinen-batkan-trgyndardy-setelge-syguyn-koldady/

pixel