Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Токио Олимпиадасына кім барады: Серік Сәпиев жауап берді

Опубликовано:

Мәдениет және спорт министрлігі спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев Токио Олимпиадасында еліміздің намысын қорғайтын спортшыларды атады деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Көрнекі сурет: pixabay.com
Көрнекі сурет: pixabay.com: Facebook

Комитет төрағасы Қазақстанның жазғы Олимпиада ойындарына 100-ге тарта лицензия жеңіп алуды көздейтінін жеткізді.

"Рио Олимпиадасына 104 лизенция алған едік, осы жолы да сол шамада болады деген жоспар бар. 100-ге тарта болуы керек. Келесі жылы лицензиялық сайыстар басталады", – деді Серік Сәпиев.

Қазақстан өткен Олимпиада ойындарынан жүлдемен оралған спортшылардан тағы да үміт күтеді. Қазіргі таңда жеңіл атлет Ольга Рыпакова мен жүзгіш Дмитрий Баландиннің жазғы ойындарға жолдамасы бар.

Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы алдағы Олимпиадада жүлдеден үміт күтіп отырған басқа да спортшыларды атады.

Олардың арасында Василий Левит, Нұрислам Санаев, Мейрамбек Айнағұлов, Ришат Хайбуллин, Абылайхан Жүсіпов, Қамшыбек Қоңқабаев, Бекзат Нұрдәулетов пен Қайрат Ералиев бар.

Айта кетейік, XXXII жазғы Олимпиада ойындары 2020 жылы 24 шілде мен 9 тамыз аралығында Жапония астанасы Токиода өтеді.

Еске сала кетейік, биыл Нұр-Сұлтан қаласында өткен күрес түрлерінен әлем чемпионатында бірнеше балуанымыз Токио Олимпиадасына жолдама жеңіп алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1827291-tokio-olimpiadasyna-kim-barady-serik-spiev-zauap-berdi/

pixel