5-20-25 бағдарламасына кімдер қатыса алады және оның шарты қандай
Жарияланған күні:
Елімізде жеңілдікпен тұрғын үй алуға бағытталған тағы бір бағдарлама жүзеге аспақ. "5-20-25" деп аталатын бағдарлама үкіметте мақұлданды. Оған кімдердің қатысатыны және шарттары да белгілі болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Телеарнаның мәліметінше, "5-20-25" тек қана әскерилер, мемлекеттік және бюджеттік ұйымның қызметкерлеріне арналған тұрғын үй бағдарламасы болып табылады.
Енді аталған санатқа жататындар баспана кезегін күтпей, "үйлі боламын" деген арманын іске асыра алады.
- Жаңа бағдарламаның үміткерлері бірінші әкімдікте баспана кезегіне тұруы тиіс
- Сондай-ақ, отбасының тұрақты табысы 92 мың теңгеге жетуі қажет
- "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен" шот ашып, 20 пайыздық жарна төлеу де міндетті
- Баспана бес пайыздық жылдық мөлшерлемемен 25 жылға ипотекаға беріледі
- Қатысушының иелігінде соңғы бес жылда үй болмауы шарт.
Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов баспана қолжетімділігін арттыратын өзге де жобаларды таныстырды.
"Баспана алудың ашықтығы мен біріңғай кезекте тұруды қамтамасыз етуге біріңғай республикалық база енгізілуде. Аталған базаның деректері кезекте тұрған адамдардың арасында тұрғын үйдің қолжетімділігін анықтауға пайдаланылатын болады. Бұл мемлекеттік қаражаттың тиімділігін қамтамасыз етеді", - деді ол.
Жаңа бағдарламаның қашан жүзеге асатыны айтылмады.
Дереккөз: КТК телеарнасы
"Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің" басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова "Астана" телеарнасына жаңа бағдарламаның талаптарын түсіндірді.
"Соңғы бес жыл ішінде үміткердің меншігінде баспанасы болмауы тиіс. Бұл-әкімдіктердің мемлекеттік тапсырысы шеңберінде салынатын несиелік тұрғын үй. Олардың өзіндік шектеулері бар, мәселен Нұр - Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау және Атырау қалаларында бір шаршы метр үшін 180 мың теңге, сондай-ақ қалған облыс орталықтарында бір шаршы метр үшін 140 мың теңге", - деді ол.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1827840-5-20-25-bagdarlamasyna-kimder-katysa-alady-zne-ony-sarty-kandaj/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.