Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Соғымның уақыты келді: Жылқы етін қалай таңдау керек

Опубликовано:

Нұр-Сұлтан қаласындағы коммуналдық базардың сатушылары жылқы етін қалай таңдау керек екенін айтып берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап хабарлайды.

Видеодан кадр: Sputnik. Абзал Қалиев
Видеодан кадр: Sputnik. Абзал Қалиев: Twitter

Олардың айтуынша, жас малдың етін сүйегінен білуге болады. Қабырғаның сүйегі жіңішке болса, ол – тайдың еті. Ал еттің түсі малдың майды қалай жинағанын аңғартады.

"Мысалы, сары ет болса, даланың малы деген сөз. Осы сары ет дәмді болады. Бірақ ол сәл кештеу піседі. Ал тез пісетін ет қажет болса, онда тайдың етін алу керек", - дейді сатушы Мағфуза Нәшкенова.

Ал сатушы Гүлсім Станбекқызы еттің қыртысы жақсы болуы керек екенін айтады.

"Жылқы етін таңдағанда қазысы мен жаясына қарайды. Ол қыртысты және әдемі болуы керек. Қазысы екі елі болса, ет жақсы деген сөз. Түсі сары болса, жайылымда жүрген малдың еті. Сосын жеміне де байланысты. Негізі, сарғыштау ет дәмді болады", - дейді Станбекқызы.

Тілеужан Қашубайұлы да ет таңдағанда ешқандай құпия жоқ дейді.

"Малды бордақыласа, еті ақшыл болады. Енді, жылқы етін таңдаудың құпиясы жоқ. Қазының майына қарайсың, жаясына қарайсың, соған қарай бағасын да қояды", - деп атап өтті Қашубайұлы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1829136-sogymny-uakyty-keldi-zylky-etin-kalaj-tadau-kerek-video/

pixel