Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тырнақ пен шашты ер адамға алғызу керек": Қырқынан шығару дәстүрі жайлы не білеміз

Опубликовано:

Қазақ халқы үшін баланы қырқынан шығару үлкен маңызға ие. Ел арасында "сәбидің өмірге келгенінен кейінгі 40 күн ана үшін де, бала үшін де қатерлі кезең" деген ұғым бар. Осы орайда дәстүрдің ерекшелігі туралы KAZ.NUR.KZ порталы Oinet.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Ата-бабаларымыз 40 санын қасиетті сандардың қатарына қосқан.

Адам қайтыс болғанда қырқын береді. Себебі 40 күнде ет пен сүйек ажырайды. Ал жаңа босанған әйел адамды 40 күн бойы қалжалап, үлкен күтім жасайды. Ананың дені сау болмаса, баланың да жағдайы жақсы болмайтыны анық.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, жас босанған ана мен бала үшін алғашқы 6 апта қауіпті болып табылады.

Сол себепті қазақ халқы жас босанған анаға ауыр жұмыс істетпейді, кір жуғызбайды, салқын су ішкізбейді.

Керісінше еркек қойды сойып, соның сорпасын беріп, қалжалап баптайды.

Бұл уақыт баланың өмірге бейімделетін кезеңі болып табылады.

Қырқынан шықпаған баланың көзіне қарасаң көзі тұманданып тұрады.

Ал қырқынан шыққаннан кейін жарыққа қарап, дыбысқа елең етуді бастайды.

Бұл медициналық жағынан да дәлелденген дүние.

  • Қазақтың сенімі бойынша, баланы қырқынан шығарғанда тырнақ пен шашты ер адамға алғызу керек. Бұл – ырым.
  • Ал сәбидің иткөйлегін бала көтермеген әйелдерге ырым етіп берген дұрыс.

Айта кетейік, иткөйлек – сәбидің қырқынан шығарылғанша киген көйлегі. Нәрестенің денесіне батпауы үшін тігісі сыртына қаратылып, жөрмелеп, іліп қана тігіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1829239-balany-kyrkynan-sygarudy-mayzdylygy-zajly-kansalykty-zaksy-bilesiz/

pixel