Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өз мансабыңды «Жастар тәжірибесінен» баста

Опубликовано:

Кәсіби дағдыларды меңгеру, мамандық бойынша жұмыс тәжірибесін алу, ал одан әрі табысты жұмысқа тұру. Бұл жоғары оқу орындары мен колледждер түлектеріне "Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың маңызды бағыттарының бірі болып табылатын, «Жастар тәжірибесін» ұсынады деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Өз мансабыңды «Жастар тәжірибесінен» баста

Эрик Сулетаев жұмыс берушілердің көбінесе жұмыс іздеушінің жұмыс тәжірибесіз жұмыс істеуді қаламайтынының айқын мысалы. Ол Алматы қаласының тұрғыны, бітіргеннен кейін 2,5 жыл бухгалтер-экономист мамандығы бойынша жұмыс таба алмады. Бозбаланың ұнжырғасы түсіп кетті, бірақ, "Жастар тәжірибесі" бағдарламасы туралы білгеннен кейін жағдайы өзгерді.

"Қарапайым болып көрінер, бірақ маған жиі күліп тұратын жағдайға тап болдым. Егер тәжірибесіз ешкім сізді жұмысқа алғысы келмесе, тәжірибені қайдан жинаймыз?! Мен жұмыспен қамту орталығының бағдарламасы туралы кездейсоқ білдім. Бөлімшеге келіп, мамандарға жүгіндім. Маған 15-20 компанияларда бухгалтердің бос орындарын ұсынды. Компанияда консалтингтік қызметтермен айналысамыз. Алты айдан кейін мені жұмысқа орналастырды. Өте қуаныштымын. Бұл бағдарлама мен сияқты жағдайға тап болған барлық адамдар үшін нағыз олжа» - деді қала тұрғыны Эрик Сулетаев.

Бүгінде компаниялар осы бағдарламаға ықыласпен жауап беретіні қуантады. Шындығында, ұйым жарты жыл бойы қызметкерді тегін алады, ал тағылымдама жергілікті бюджеттен қаражаттандырылады. Николай Филимонов бүгінде Эрик Сулетаев ресми түрде жұмыс істейтін консалтингтік компанияның басшысы болып табылады. "Жастар тәжірибесі" бағдарламасының бар екенін біліп, ол қалалық халықты жұмыспен қамту орталығына өтініш беруге шешім қабылдады. Қазір оның ұйымында 20 түлек тәжірибеден өтті, оның 8-і ресми түрде жұмысқа орналасты.

"Жұмыс берушілер көбінесе нақты бір тәжірибесі, білімі мен іскерлігі бар толыққанды қызметкерді іздейді. Жұмыс тәжірибесі жоқ маманды ешкім алғысы келмейді. Демек, жұмыс беруші осы жарты жылда сынақ мерзімін өткізіп, ол адамның қолынан не келетінін анықтап алады. Сондай-ақ, бұл жұмыс берушілер үшін өте қолайлы, мемлекет осы жарты жылда біздің тәжірибеден өтушімізді еңбекақымен қамтамасыз етеді, жалақыны жарты жыл бойы жұмыспен қамту орталығынан алады", - деді жұмыс беруші Николай Филимонов.

Айта кету керек, 6 ай ішінде жас маман міндетті әлеуметтік аударымдарды есепке ала отырып, 63 125 теңге көлемінде жалақы алады. Бөлім басшысы Ақжарқын Мұхаримова "Жастар тәжірибесіне" қатысу шарттары туралы айтып берді.

"Жастар тәжірибесі" бағдарламасына қатысушысы болу үшін түлекке тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығына жүгіну керек. Жастар соңғы үш жыл ішінде жоғары оқу орнын бітіріп, 29 жастан аспау керек. Олар жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркелуге және қажетті құжаттар пакетін беруге тиіс. Сонымен қатар, олардың өз мамандығы бойынша кәсіби өтілі болмауы керек", - деді Алматы қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының бөлім басшысы Ақжарқын Мұхаримова.

Бүгінгі таңда Алматы қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығында болашақта түлектерді жастар тәжірибесімен қамту үшін жұмыс берушілердің тізімін кеңейту бойынша тұрақты жұмыс істелініп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1829356-z-mansabydy-zastar-tziribesinen-basta/

pixel