Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көне шаһардың жаңғыруы: Таразда этномәдени кешен бой көтерді

Опубликовано:

Жамбыл облысының 80 жылдығына арналып ашылған нысандардың бірегейі – Тараз шаһарының қақ ортасынан орын алған «Көне-Тараз» тарихи-этномәдени кешені. Орта Азияда баламасы жоқ алып кешенді Тараздың 2000 жылдық тарихын қайта тірілткен «Ғажайып сәулет құрылысы» деп атауға толық негіз бар.

тараз

Мыңжылдықтардың куәсі киелі өлкенің руханиятын оятып, рухын асқақтатқан, мерейін өсіріп, мазмұнын арттырған жоба жамбылдықтар үшін теңдесіз жоба болғаны сөзсіз.

Онда барлығы 8 нысан қамтылған. Барлық нысанда Айша бибі кесенесінде кездесетін сегіз бұрышты өрнек-бедерлер пайдаланылды.

Тарихи-этномәдени кешенде – «Руханият және тарихтану» орталығы ашылып, халық жазушысы Шерхан Мұртазаның аты берілді. Аталған орталықта рухани құндылықтар, тарихи танымдар, салт-дәстүр, жоралғылар көрініс табуда.

Алдағы уақытта онда жергілікті айтыскерлер мен жазба ақындарды, қаламгерлерді қолдау іс-шараларын тұрақты түрде ұйымдастырып отыру жолға қойылмақ.

тараз

Алаңда ашық аспан астындағы Амфитеатр алдағы уақытта халықаралық байқаулар, конкурстар, басқа да өнер бәйгелері және мерекелік кештер өткізіп, мыңнан астам облыс жұртшылығы тамашалай алады.

Мұндағы тағы бір ерекше нысандардың бірі – «Көркемдік-бейнелеу өнері галереясы». Жаңа ғимарат өңірдегі бейнелеу өнерін дамытуға, насихаттауға және қылқалам иелерінің шығармашылықтарын дамытуға негізделген.

Ал, «Қолөнер шеберлерінің галереясы» өңірдегі қолөнер шеберлердің басын қосып, өздерінің зергерлік шеберліктерін жетілдіруге, сатуға жағдай жасалмақ.

Галереяда Шығыс, Батыс, Сыр, Арқа, Жетісу және басқа да аймақ үлгісіндегі бұйымдар жасалынады деп күтілуде.
тараз

Сондай-ақ, ашылған құрылыстың бірігейі - Көрме залы.

Бұл «Көне-Тараз» тарихи-этномәдени кешеніндегі ірі нысандардың бірі. Ол тек шығармашылық адамдарының ғана емес, ауыл шаруашылығы, құрылыс тағы басқа да салалардың үздік жұмыстары мен өнімдерінің көрмесі өтіп тұратын үлкен нысанға айналмақ.

Облыстық тарихи-өлкетану музейі – «Көне-Тараз» тарихи-этномәдени кешенінде бой көтерген басты нысандардың бірі.

Мұнда «Тарихқа дейінгі кезең залында» неолит дәуірінде егіншілік пайда болғандығын дәлелдейтін қола орақ, 1950 жылы Қордай ауданынан табылған Сақ тайпасының дулығасы, Алматы облысы, Есік аумағынан табылған «Алтын адамның» көшірмесі, Балбал тастар және өзге де көптеген жәдігерлер көпшілік назарына ұсынылған.

тараз

Тараз қаласының кез-келген жерінен көрінетін «Сағат» стеласы өткен мен бүгіннің, болашақтың арасындағы берік дәнекері, ғасырлар мен дәуірлердің өлшемі екендігін айғақтау болып табылады.

Сағат Ресейдің Санкт-Петербург қаласында жасалып, өңірдегі ең биік стелалардың бірі ретінде танылуда. Мұндай алып сағат әлем елдерінің белді қалаларында бар екендігі белгілі. Мәскеудегі Кремльде, Лондондағы Биг- бенде және Меккедегі биік мұнаралы сағаттар соның айғағы. Тарихи Тараздың таңғажайып кешенінің аумағынан бой көтерген «Сағат» стеласы да келушілердің қызығушылығын оятып, өңірде туристік әлеуетін арттыратыны сөзсіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1830195-kne-saardy-zagyruy-tarazda-etnomdeni-kesen-boj-kterdi/

pixel