Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қайраттың" аты аңызға айналған бапкері өмірден озды

Опубликовано:

Алматылық "Қайрат" футбол клубының аты аңызға айналған футболшысы әрі бапкері болған Леонид Остроушко 83 жасында дүниеден өтті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Леонид Остроушко. Фото: prosports.kz
Леонид Остроушко. Фото: prosports.kz: Facebook

Леонид Остроушконың спорттық мансабындағы жарқын кезеңдері алматылық "Қайраттың" сапында өтті.

Ол жоғарғы лигада өнер көрсеткен алты маусым ішінде 200 матч өткізіп, 8 гол соқты. Ал бірінші лигада өткізген жеті маусымында футболшы 55 голдың авторы атанған.

Сондай-ақ, 1957 жылы ол жартылай қорғаушы бола тұра, команданың үздік сұрмергені атағына ие болды.

Леонид Константинович ұзақ жылдар бойы "Қайраттың" бас бапкері болып қызмет атқарды. Дәл осы Остроушконың кезінде алматылық команда 1986 жылы КСРО біріншілігіндегі ең үлкен жетістігіне қол жеткізген болатын.

Сол кезде "Қайрат" КСРО жоғарғы лигасында 6-шы орынды иеленді. Ал 1988 жылы Остроушконың жетекшілігімен алматылық футболшылар Кеңес одағы федерациясының кубогын жеңіп алды.

Сонымен қатар 2003 жылы "Қайрат" атақты бапкердің басшылығымен Қазақстан кубогының бес дүркін жеңімпазы атанды.

"Қайрат" футбол клубы Леонид Константинович Остроушконың барлық туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтады.

KAZ.NUR.KZ редакциясы да Леонид Остроушконың отбасы мен жақындарына көңіл айтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1830196-kajratty-aty-ayzga-ajnalgan-bapkeri-mirden-ozdy/

pixel