Мемлекеттік күзет қызметі елордада алғаш рет Әскери ант қабылдады
Опубликовано:
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі 2019 жылғы 30 қарашада жаңа толымдаудың Әскери ант қабылдау жоралғысын Нұр-Сұлтан қаласында алғашқы рет өткізді, бұл іс-шара 1992 жылдан, яғни құрылғаннан күннен бастап Алматы қаласында өткізіліп келген.
![Мемлекеттік күзет қызметі елордада алғаш рет Әскери ант қабылдады Мемлекеттік күзет қызметі елордада алғаш рет Әскери ант қабылдады](https://cdn.nur.kz/images/1120/59c6292cc81ac047.jpeg)
«Айбын» Президенттік полкінің 70 жас сарбазы Әскери ант қабылдады. Бұл акті әскери қызметшілерде патриотизм, Отанға және Қазақстан Президентіне адал болу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің қатарында қызмет атқаруын мақтан тұту сезімін тәрбиелейтін ерекше әскери жоралғы болып табылады.
Құрмет қарауыл ротасына келген олар, ертеңнен бастап өздерінің міндеттерін атқаруға кіріседі, атап айтсақ: әскери даярлықтың, жауынгерлік және саптық машық-дағдыларын үйренуді, мемлекеттік эталондарды күзетуді, ҚР Президентінің қатысуымен өтетін мемлекеттік-протоколдық іс-шараларға қатысуды бастайды, сондай-ақ Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған Әскери парадқа қатысады және бұлар – бірнеше айқын мысалдар.
Шеберлікті шыңдау және өздеріне жүктелген міндеттерді орындау мақсатында әскери қызметшілер күн сайын көп сағаттық саптық жаттығуларды жасайтын болады.
![Мемлекеттік күзет қызметі елордада алғаш рет Әскери ант қабылдады Мемлекеттік күзет қызметі елордада алғаш рет Әскери ант қабылдады](https://cdn.nur.kz/images/1120/9739e7b5fdf8dbf1.jpeg)
«Айбын» Президенттік полкінде спортты дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау үшін барлық жағдай жасалған, бөлімнің спорттық базасы бөлімшенің жеке құрамын спортпен шұғылдануға толығымен қамтуға мүмкіндік береді. Атлетикалық гимнастика, қоян-қолтық ұрыс залы, стадиондар жұмыс істейді. Бөлімшелерде спорттық бұрыштар құрылған, волейбол, футбол, шаңғы спорты және тағы сол сияқты спорттық секциялар жұмыс істейді.
Қызметке үміткерлерді іріктеу кезінде қатаң талаптар қойылды – бұл денінің саулығымен қатар, бойы 185 сантиметрден биік, орта (толық) білімінің, оқу және жұмыс орындарынан жақсы мінездеменің бар болуы. Үміткердің моральдық-іскерлік қасиеттеріне және дене бітіміне ерекше назар аударылды.
![Мемлекеттік күзет қызметі елордада алғаш рет Әскери ант қабылдады Мемлекеттік күзет қызметі елордада алғаш рет Әскери ант қабылдады](https://cdn.nur.kz/images/1120/e4497d36fc1cf751.jpeg)
Сарбаздар бір ай бойы жас жауынгер курсынан өтті және қысқа мерзімде алған машық-дағдыларын көрсетті. Саптық амалдардың элементтерін көрсетіп, қонақтар мен ата-аналарының алдында салтанатты маршпен өтті.
Жаңа толымдауды Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары - Айрықша мақсаттағы күштердің Қолбасшысы генерал-лейтенант Мұхтар Ақатұлы Аюбаев құттықтап, оларға: «Ант қабылдау рәсімі азаматтардың өмірінде есте қалатын тарихи күн болып табылады. Осыдан кейін Сіздер әскери өмірге аяқ басып, әскери істің қыр-сырымен танысасыздар.
Әскери қызмет атқару – бұл халыққа, Президентке адал болу, Отанды, жеріңді қорғау, сондай-ақ азаматтарда патриотизм рухын, тәртіптілік, батылдық сияқты жақсы қасиеттерді тәрбиелейтін мектептен өту болып табылады. Сарбаздар, Сіздер берілген тапсырмаларды мінсіз орындап, Отан алдындағы әскери борышты абыроймен атқарады деп сенемін» - деп тілегін білдірді.
Сондай-ақ, жеке құрамға Қазақстан Республикасы Мәжіліс депутаты Абай Бөлекбайұлы Тасболатов, Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданы әкімінің орынбасары, қорғаныс істері жөніндегі департамент өкілдері, Мемлекеттік күзет қызметінің ардагерлері мен жас сарбаздардың ата-аналары өз лебіздерін жеткізді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1830384-memlekettik-kzet-kyzmeti-elordada-algas-ret-skeri-ant-kabyldady/