Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Назарбаев орталығы мен БҰҰ Өркениеттер Альянсы тұңғыш келісімге қол қойды

Опубликовано:

3 желтоқсан күні Назарбаев орталығы басқармасының Төрағасы Алтай Әбибуллаев пен БҰҰ Өркениеттер Альянсының (UNAOC) Жоғарғы өкілі Мигель Моратинос тарихи маңызы бар тұңғыш Серіктестік жайында келісімге қол қойды.

Назарбаев орталығы мен БҰҰ Өркениеттер Альянсы тұңғыш келісімге қол қойды
Сурет: Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығы» КЕАҚ: Facebook

Келісім мәдениетаралық және дінаралық диалогты дамытуға, Съез бастамаларын халықаралық сахнада одан әрі жылжытуға, БҰҰ-ның діни орындарды қорғау бойынша Іс-қимылдар Жоспарын бірлесе орындауға, ортақ саланы қамтитын өзекті мәселелерде алдыңғы қатарлы тәжірибелермен, біліммен алмасуға, экстремизм мен терроризммен күресу мақсатында әлеуметтік негізде күш жұмылдыруға бағышталған. Уағдаластық Назарбаев Орталығы мен БҰҰ жүйісімен өзара тиімді ынтымақтастықты жаңа сатыға шығарып, тың серпін берері анық.

Келісім БҰҰ Өркениеттер Альянсы арқылы Қазақстанның бейбітшілікті нығайту жолында қосып отырған ғаламдық үлесі тағы бір рет мойындалуда.

Орталықтың мақсат-міндеттерімен, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің жаңа тақырыптарымен танысқан Моратинос Съез және Назарбаев орталығының бастамаларына толық қолдау білдіріп, конфессияаралық диалогты дамыту жолында кеңінен өзарабайланыс жүргізуге нық сенім білдірді.

Айта кететін жайт, Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Назарбаев орталығын құру туралы бастама 2018 жылы VI Съез барысында, барлық қатысушылардың бірауыздан ҚР Тұңғыш Президентінің дінаралық және өркениетаралық бейбітшілік пен келісімді нығайтуға қосқан ерекше үлесін жоғары бағалау белгісі ретінде көтерілген болатын.

UNAOC 2005 жылы БҰҰ бұрынғы Бас Хатшысы Кофи Аннанның саяси бастамасының негізінде құрылған, негізгі мақсаты – әр түрлі ұлттар, мәдениеттер мен діндер өкілдерінің арасында болуы мүмкін келіспеушіліктер мен түсінбеушіліктердің алдын алу үшін диалог пен өзаратүсіністікке ықпал ету.

Мигель Моратинос - испан дипломаты, заңгер және саясаткер. 2004-2010 жж. - Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрі қызметін атқарған. 2019 жылдың 7 қаңтарынан бастап БҰҰ Өркениеттер альянсының Жоғарғы өкілі болып сайланған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1831034-nazarbaev-ortalygy-men-b-rkenietter-alansy-tgys-kelisimge-kol-kojdy/

pixel