Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Балқашта 44 жастағы ер адам танысының кішкентай қызын зорлады деп күдіктелуде

Опубликовано:

Қарағанды облысының Балқаш қаласында жантүршігерлік оқиға орын алды: 44 жастағы ер адам өз танысының 7 жасар қызын зорлады деп күдіктелуде. Алайда ол өзінің бұл істе кінәсіз екенін мәлімдеп, жауап алу кезінде полициядан азап көргенін жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ КТК арнасына сілтеме жасап.

Балқашта 44-тегі ер адам жастағы қызды зорлады деп күдіктелуде
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Жанаргүл Балқаш маңындағы шаруа қожалығында жұмыс істейді, ал оның қызы қаладағы мектеп-интернатта оқып жүрген. Қызын көруге келіп жүргенде Аманжол есімді ер адаммен танысыпты.

Жалғызбасты азаматтың үйінде бірер күн қонақ болып, қызын сол пәтерде шомылдырған. Алайда кешке дүкенге кетіп, баланы ересек адаммен қалдырған ана сұмдық жайттың куәгері болыпты.

"Ағатай шақырды. Бір кезде мені төсекке жатқызды. Шалбарымды шешті. Сосын қолымен менің... тиісті", - деп ботадай боздаған жәбірленуші.

Келіншектің сөзінше, ол қызының ер адамның жанында жылап отырғанын көрген. Ал азамат өз кезегінде әйел адамға бұл жайт туралы ешкімге тіс жармауды сұрапты.

"Дүкенге барып, заттарымды алып келе жатсам, есіктен қызымның шыңғырған дауысын естідім. Есікті тарсылдатып қақтым. Қызым ағатайдың қасында жылап тұр екен. Қызымды жұлып алдым. Ол кісі «кірші, кірші, ешкімге айтпа, айтпа, деді", - деді анасы.

Подьездегі айқай-шуға көршілер де шыққан. Аманжолдың анасы мен қызын үйге сүйрелеп жатқанын олар да көріпті.

Аяғының арасынан қан сорғалаған қаршадай қыздың жағдайы адам шошырлық болғанын айтады.

"Қыз зар еңіреп жылады, зорлады, зорлады деп айқайлады. Байқұс әрең тұрды, анасының жанында, "ауырып тұр" деп. Денесі дірдір етіп қалшылдап, зар еңіреп жылады", - дейді оқиға куәгері Қызғалдақ Жұмаділова.

Ауладағы қырқысты осы маңда өтіп бара жатқан полиция қызметкері көрген. Қаршадай қыз бен анасын Аманжолдан арашалап, әріптестеріне хабар беріпті. Жедел жәрдем оқушыны ауруханаға алып кетіп, күдікті полиция бөлімшесіне жіберілген.

Ал жауап алудан кейін күдікті ауруханананың жансақтау бөлімінен бір-ақ шыққан. Көкала қойдай боп таяқ жеген оның аяғы сынып, тікішегі жыртылыпты.

Дәрігерлер шұғыл түрде ота жасап, оның жанын аман алып қалған.

"Қолына кісен салғызып, батареяға байлатып, мұны сүйретіп, күйсіз күйде есіктің алдына отырғызады. Өйткені оның жарылған ішегіндегі бүкіл нәжіс, қан, бәрі іріңдеп кеткен. Осы  Балқаш қаласының бес полицейі қамауға алынбай тұр", - деді күдіктінің туысы Жұмажан Әлібаева.

Сараптама кішкентай қыздың зорланбағанын анықтаған. Алайда жыныс мүшесінде жарақат іздері бар екен.

Ал күдіктінің туыстары тергеу ісінде көптеген келеңсіздіктерге жол берілгенін алға тартуда. Бұған олар Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігіне жазған арыздарында тәптіштеп тоқталыпты. Сондықтан полицейлерге қатысты азаптау дерегі бойынша іс қозғалды.

"Аталған факті бойынша өзіндік қауіпсіздік басқармасымен қылмыстық іс қозғалды. Іс жүргізу барысында арызданушының жазған оқиғаның аққарасы анықталатын болады", - Қарағанды облыстық ПД баспасөз хатшысы Жаңатай Сембеков.

Ауыр отадан оңала қоймаса да, Аманжол Әлібаев қазір ауруханадан тергеу абақтысына ауыстырылған. Оның тағдырын енді сот шешеді.

Ал жеті жастағы бүлдіршін сол күнгі оқиғаны есіне алса, тілі күрмеліп тұтығады. Бір сұмдықты бастан өткерген қызбен психолог мамандар жұмыс істеп жатыр.

Дереккөз: КТК арнасы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1831120-balkasta-44-zastagy-er-adam-zasspirim-kyzdy-zorlady-dep-kdiktelude/

pixel