Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды облысында қасқырды қолда ұстайтын тұрғын ауылдастарын шошытты (видео)

Опубликовано:

Желіде түз тағысын үйінде ұстайтын ауыл тұрғынының видоесы тарады. Жыртқыштың емі-еркін жүруі ауылдастардың шамына да тиген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram
Фото: Instagram: Instagram

Желі қолданушыларының қызу талқысына түскен видео Instagram желісіндегі парақшалардың бірінде пайда болған.

Жазба авторы видеоның паблик оқырманынан келгенін жазған. Сондай-ақ ол:

"Суықсу ауылы, Бұқар жырау ауданы. Тұрғын ауласында қасқыр ұстайды, тіпті ауыл ішінде олармен серуендейді. Ол жануарларға тұмылдырық та тақпайды, оларды байлап та қоймайды.
Біздің ауылда бала көп және олар үшін алаңдаймыз. Біздің ескертуімізге құлақ аспайды. Не істесек болады?", - деген жазба қалдырған.

Видеода жыртқыш иесінің қасқырды серуендетіп жүргендігін көруге болады. Түз тағысының мойнында шынжырдың бары да байқалады.

Бір қызығы ауыл тұрғыны оны шақырғанда, ол ит тәрізді иесіне жүгіріп келіп, "еркелейді". Сол сияқты ер адам видеода: "ауылда малға шабуылдайтын қасқырлардың көбейгендігін, сол себепті қасқырды үркіту үшін, түз тағысын ұстап отырғандығын" айтқан.

Десе де желі қолданушылары қасқыр ұстайтын ауыл тұрғынын жаппай сынға алған. Олар:

"Балаларға алаңдаймыз", "Өте қорқынышты", "Жыртқышты үйде ұстауға болмайды, қауіпті" деген пікірлерін жаудырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1831262-karagandy-oblysynda-kaskyrdy-kolda-stajtyn-trgyn-auyldastaryn-sosytty-video/

pixel