"Бала үшін бірге тұрған": Отбасылы азаматты сүйіп қалған 18 жастағы ару мұңын шақты
Жарияланған күні:
18 жастағы бойжеткен өзінен 10 жасқа үлкен ер азаматты ұнатып қалғанын сөз етті. Айтуынша, ол әйелімаен айырылысып кетіп, енді аруға сөз салып жүр екен. Ұнатқан адамына қосылғысы келетін бойжеткен ойының қаншалықты дұрыс екенін білмей дал болып отыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Ару Instagram-дағы zhenskaya_blogika парақшасына жан сырын ақтарды.
"Жарты жыл бұрын жақсы жанды кезіктірдім. О баста жай ғана әріптес едік. Кейін келе сезіміміз ашылды. Оның жасы 28-де, менен 10 жасқа үлкен. Әйелі және екі баласы бар. Алғашқы кездері ол маған басындағы қиындықтары жайлы жиі айтып тұратын. Сөзінше, әйелі одан кеткісі келеді екен. Олар тек балалары үшін бірге тұрыпты. Ал содан кейін жұбайының әйтеуір одан кетіп қалғанын айтты", - дейді бойжеткен.
Сылқымның сөзінше, ер адам оған сезімін білдіріп, тек онымен бірге болғысы келетінін айтыпты. Ал ажырасқан адаммен көңіл жарастырған қаншалықты дұрыс екенін ойлаған ару енді көпшіліктің ақылына жүгініп отыр.
"Оның неге кеткенін білмеймін. Ол жігіт сондай мінсіз. Мінезі де жақсы. Жұмыста сыйлы, оны бәрі жақсы көреді. Осы күнге дейін біреуден ол туралы жаман сөз естіп көрмедім. Бүгін ол маған сезімін білдірді.
Қалай әрекет етерімді білмеймін. Бұған дейін онымен кездесемін деп мүлде ойламадым. Ол мен үшін бәріне дайын екенін білемін. Түнгі үште бірдеңе қаласам, соны әкеліп беруге асығады. Сүйіктім бұрынғы ғашығымен енді тұрмайтынын айтты. Не істесем екен? Оны ұнатамын", - деп ағынан жарылды ол.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1831417-jelime-kosylmajmyn-dedi-otbasyly-adamga-gasyk-bolgan-18-zastagy-bojzetken-myn-sakty/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.