Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көкшетаулық пікірсайысшылар республикалық турнирде 1 орынды иеленді

Опубликовано:

«Жастар жылы» аясында Батыс Қазақстан облысы жастар ісі басқармасының қолдауымен «Жас экономист» жастар қоғамдық бірлестігі алтыншы республикалық пікірсайыс турнирін өткізді.

Көкшетаулық пікірсайысшылар республикалық турнирде 1 орынды иеленді

Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің студенттері Сая Сейпилева, Самалгүл Баймұхаметова және Мәдина Айтенова бұл сайыста бақ сынауға бет бұрды.

Турнирдің мақсаты - студенттердің бойында патриоттық сезімді, Отанға деген сүйіспеншілікті, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін құрметтеуді қалыптастыру арқылы студент жастар арасында патриоттық сезімді арттыру.

Республикалық жарысқа Қазақстанның түрлі облыстарынан үздік дебатерлер жиналды. Орыс лигасында Ақтөбе, Қостанай, Нұр-Сұлтан, Көкшетау, Қызылорда, Атырау қалаларынан 16 команда болды. Барлық қатысушылар әр түрлі дебат форматтарында сөз сөйледі. Турнирге американдық парламенттік формат, британдық парламенттік формат және линкольн-дуглас форматы (дебатерлердің іштей жекпе-жектері) ең өзекті болды.

Қатысушылар: «Орал – тарихи қала» – қалада туризмді дамыту; киберспорттық білім беруді енгізу; «Еріктілер жылын» ұйымдастырудың тиімді тетіктері; «Ақжайық - адалдық алаңы» жобасын жүзеге асыру сияқты тақырыптары бойынша сайысқа түсіп, өз көзқарастарын дәлелдеді.

Көкшетау дебатерлері жоғары деңгейде дайындықтарын көрсетіп, турнир қорытындысы бойынша орыс лигасында 1 жүлделі орынға ие болды. Сая Сейпилова «Үздік спикер» номинациясында жеңімпаз атанды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1831466-kksetaulyk-pikirsajyssylar-respublikalyk-turnirde-1-oryndy-ielendi/

pixel