Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Ақордада Тасмағамбетовтың қызын марапаттады (фото)

Опубликовано:

Ақордада көрнекті қазақстандықтарды мемлекеттік наградалар және премиялармен марапаттау рәсімі өтіп жатыр. Марапатталғандар арасында сценограф әрі костьюм бойынша суретші Софья Тасмағамбетова да бар деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ/Алена Бутенко
Фото: NUR.KZ/Алена Бутенко: Original

Ақорданың салтанатты залында Софья Тасмағамбетованы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі марапаттады. Президент суретшіге "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағын берген.

Марапат алушының толық аты-жөні - Тасмағамбетова Софья Иманғалиқызы. 36 жастағы азаматша саясаткер, Қазақстанның Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағамбетовтың қызы.

Фото: NUR.KZ/Алена Бутенко
Фото: NUR.KZ/Алена Бутенко: Original

Еске сала кетсек, Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында Қазақстан президентінің Жарлығымен мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі, белсенді қоғамдық қызметі үшін ел азаматтарының мемлекеттік наградалармен марапатталғаны хабарланды.

Олардың қатарында өндіріс, бизнес, білім беру, денсаулық сақтау салаларының көрнекті өкілдері, әскери қызметшілер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, спортшылар, соғыс және еңбек ардагерлері, мәдениет және ғылым қайраткерлері бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1831608-tokaev-akordada-tasmagambetovty-kyzyn-marapattady-foto/

pixel