Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Талай ауруларға ем: Бөдене жұмыртқасының пайдасы туралы білесіз бе

Жарияланған күні:

Ел арасында бөдене жұмыртқасының ем-шипасы туралы аңыз-әңгімелер көп. Шын мәнісінде дала құсының өнімі қаншалықты адам денсаулығына пайдалы? Бұл сұраққа KAZ.NUR.KZ порталы Алаш айнасы басылымына сілтеме жасап жауап береді.

Көрнекі фото: Pixabay.com
Көрнекі фото: Pixabay.com: Instagram

Мамандардың мәліметінше, бөдене жұмыртқасы биологиялық құндылығы жөнінен тауықтың жұмыртқасынан басып озады.

Дала құсының бес жұмыртқасы тауықтың бір жұмыртқасының­ салмағымен тең болғанымен бөдене жұмыртқасынрың құрамындағы ка­лий мен фосфор­ тауық жұмыртқасын­ан бес есе көп, ал темір 4, 5 есе, В және В12 витаминдері 6 есе көп.

Сондай-ақ, олардың құрамындағы ка­льций, мыс, кобальт және түрлі амин қышқылдары тауық жұмыртқасына қарағанда әл­де қайда жоғары.­

Бөдене жұмыртқасының адам ағзасына тигізетін пайдасы

  1. Дала құсының өнімімен қоректенген жанның түрлі ау­ру-сыр­қауға қарсы тұрар дәр­ме­ні артып, жү­рек-қантамырлар жүйесімен асқорыту мү­шелерінің жұ­мысы жақсарады.
  2. Адам ағзасынан радиацияны шығарады.
  3. Жұ­мыртқа құ­рамындағы лейцитин қан­дағы холесте­ринді төмен­де­тетін көрінеді.
  4. Егер тәулігіне бөдененің 4-5 жұмыртқасын тұ­рақ­ты тұтынса, ер адамның жыныстық қуаты ар­тады.

Бөдені жұмыртқасына қалай тұтынған жөн?

Бөдененің қалыпты дене қызуы 42 гра­дус­ болғандықтан, оның сальмонелез, құстұмауы сияқты жұқпалы дерттерге қарсы тұру қабілеті күшті. Сол себепті оның жұмыртқасын шикідей жұту өте пай­далы.

Дала құсының өнімін қай елдер халық медицинасында қолданады?

Жапония мен Қытай да бір­неше ғасырдан бері бөдененің етімен жұмырт­қа­сын­ халық медицинасында пайдаланып келе­ді.

Басылым дерегінше, күншығыс елінде мектеп оқушысының таңер­тең­­гі ас мәзіріне бө­де­­ненің екі жұмыртқасы мін­детті түрде енгі­зіледі.

  • Бұл балаларды­ бөртпе мен диа­тезден құт­қарады. Сондай-ақ баланың ой­лау­ қа­бі­летін арттырады.

Бөдене жұмыртқасы қандай ауруларға ем?

  • Қан аздық анемияға,
  • бас ауруына,
  • демікпе мен туберкулезге,
  • қанқысымының көте­ріліп және түсіп кетуін реттеуге,
  • суық тию мен тұ­мауға,
  • асқазан, ішек ауру­ла­­­рына, әсіресе ас­қазан жарасымен гастрит­ке дала құсының жұмыртқасы таптырмас ем.

Бөдене туралы тарихи деректер

Тарихи деректерде бөдене жайында талай қызықтар жазылған. Бөдене еті патшалармен ақсүйектердің жеңсікасы болған және дастарқанынан үзілмеген. Баланың иммундық жүйесін нығайтуға да септігі зор.

Бөдененің неше түрі бар?

Бөдене өсіруді алғаш қолға алған жапондықтар. Қазіргі таңда жапон бөденесі, мрамор бөденесі, ағылшын бөденесі, фараон бөденесі атты төрт түрі өсіріледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1831717-talaj-aurularga-em-bdene-zmyrtkasyny-pajdasy-turaly-bilesiz-be/