Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Батыр Жүкембаевтың келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

Опубликовано:

Жеңіліп көрмеген қазақ боксшысы, жартылай орта салмақтағы WBA Continental и IBF Inter-Continental титулдарының иегері Батыр Жүкембаевтың (17-0, 13 КО) келесі жекпе-жегі қашан және қайда өтетіні белгілі болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Фото: EOTTM/ Vincent Ethier
Фото: EOTTM/ Vincent Ethier: Facebook

BoxRec мәліметіне сәйкес, қазақстандық кәсіпқой боксшы 25 қаңтарда Канаданың Монреаль қаласында жекпе-жек өткізеді. Оның қарсыласы әзірге белгісіз.

Айта кетейік, ертең, 14 желтоқсанда Батыр Жүкембаев Мәскеуде жанкүйерлерімен кездесу өткізеді. Бұл шара Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орайластырылып отыр.

Кәсіпқой рингте жеңіліп көрмеген қазақстандық былғары қолғап шебері өзінің соңғы кездесуін де Монреаль қаласында өткізген болатын. Аталған жекпе-жекте Жүкембаев төрешілердің бірауздан шешімімен мексикалық Мигел Васкесті (41-8, 15 КО) жеңіп, екі чемпиондық титулды иеленді.

Отандық спортшы жеңісінен кейін Instagram желісіндегі парақшасында қолдау көрсеткен барша қазақстандықтарға алғысын айтты.

Еске сала кетейік, Батыр Жүкембаев биыл жылдың 14 шілдесінде шаңырақ көтерді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1831781-batyr-zkembaevty-kelesi-zekpe-zegi-kasan-tetini-belgili-boldy/

pixel