Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Меморгандар мен электронды үкімет сайттарына кіру уақытша қолжетімсіз болады

Опубликовано:

Мемлекеттік органдар сайты мен egov.kz порталы өз жұмыстарын уақытша тоқтатпақ. Бұл қызметтер 2019 жылдың 14 желтоқсаны кешкі сағат 21.00 бастап 15 желтоқсан кешкі сағат 21.00 дейін қол жетімсіз болмақ деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Қазақстан тұрғындарына мұндай ескертпені ақпараттық технологиялар бойынша ұлттық ведомство жасады.

Компания мемлекеттік органдардың серверлік орталығында орналасқан телекоммуникациялық жабдыққа жоспарлы профилактикалық қызмет көрсетпек деп жазады Baigenews.

Осыған байланысты мына төменде көрсетілген мемлекеттік ресурстар қолжетімсіз болады:

  • Telegram желісіндегі электронды үкіметтің боты - EgovKzBot 2.0;
  • Электронды үкімет сайты - egov.kz;
  • Электронды үкіметтің төлем шлюзі - epay.gov.kz;
  • Ұлттық куәландырушы орталықтың ресурсы - pki.gov.kz;
  • ҚР мемлекеттік органдар сайттарының барлық бөлімдері;
  • "Монополист" базасы - bazamonopolist.gov.kz;
  • "Техбайқау" бірыңғай техбайқау жүйесі - eisto.kz;
  • "Е-лицензиялау" мемлекеттік базасы - elicence.kz;
  • "Е-нотариат" бірыңғай нотариалды жүйе - enis.kz;
  • "Тауарларды таңбалау" сервисі - markirovka.gov.kz;
  • ҚР Жоғарғы сотының порталы - sud.gov.kz;
  • Android және iOS-қа арналған "Мобильді үкімет" қосымшасы.

Одан бөлек, 1414 телефон нөмірі бойынша Бірыңғай байланыс орталығының да жұмысы уақытша тоқтамақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1831942-memorgandar-men-elektrondy-kimet-sajttaryna-kiru-uakytsa-kolzetimsiz-bolady/

pixel