Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

500-ден астам шөптің түрімен қоректенетін ешкінің сүті пайдалы ма

Жарияланған күні:

Ерте замандардан келе жатқан ойшылдар ешкі сүтін "денсаулықтың қайнар көзі", "өмір шырыны" деп жоғары бағалаған. "Қойдың сүті – қорғасын, ешкі сүті - ем" деген мақал осының айғағы. Ғалымдардың дерегінше, ешкі 500-ден аса пайдалы шөптің түрін жеп қорек алады. Сондықтан оның сүті - таптырмас ем, бойға қуат деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Baq.kz-ке сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Facebook

Бұл өнімде кальций, магний, фосфор, марганец, мыс, А, В1, С және Д дәрумендері, аскорбин қышқылы бар.

Ғалымдардың мәліметінше, ешкі сүті анемияда, тағамдық аллергияда, туберкулезде, асқазан, ішек-қарын жолдарының ауруларында, диабетте, диатезде, ағзаның қорғаныс қызметін арттыруда, ағзадан ауыр металдардың тұздары мен және көздің нашар көруінде пайдалы деген қорытынды жасады.

Сиыр сүтіне қарағанда ешкі сүтінде В12 дәруменінің құрамына кіретін кобальттың мөлшері 6 есе көп екендігі белгілі болды.

Ал калийдің жоғары мөлшері жүрек-қантамыр жүйесінің қызметіне оңтайлы әсер етеді.

Ешкі сүтінің пайдасы

  • Асқазан және ішек ауруларына

Асқазан және ішек ауруларының кез келген түріне ешкі сүті шипалы. Оның құрамындағы лизоцин асқазан және ішектегі шырышты қабық жараларын емдейді. Сонымен қатар, асқазан сөліндегі қышқылды бейтараптандыратын ерекше қасиетке де ие.

  • Диатез дертіне

Диатез және терінің қабынуы сияқты дерттерден ешкі сүтін ішіп біржола арылуға болады. Ешкі сүтін жиі ішетін балалар диатез дертіне шалдықпайды.

  • Ұйқы безінің бұзылуына

Ұйқы безінің қабынуына шалдыққан науқасқа да ешкі сүті өте пайдалы.

  • Қатерлі ісік дертіне

Ешкі сүтінің қатерлі ісік ауруының алдын алып, оның жеңіл түрлерінен айықтыратын қасиеті де бар. Сондай-ақ, ол иммунды жүйені қатайтады.

  • Косметологияда

Косметологияда да өз орнын тапқан ешкі сүті терідегі түрлі бөртпелер мен дақтарды кетіруде табиғи тазартқыш құрал болып табылады. Сонымен қоса теріні ағартып, шаштың түсуін тоқтатады.

  • Сүйекке пайдалы

Ешкі сүтінің құрамында сүйек тіндерін қатайтатын кальций және Д тобындағы дәрумендер қоры жеткілікті. Сондықтан, дәрігерлер балаға бір жастан бастап рахит ауруының алдын алу және оны емдеу үшін ешкі сүтін беруді ұсынады. Сондай-ақ, сүйегі сынған адамдар күніне 1 стақаннан ішіп тұрса, сүйегі бітіп, қалпына келу процесі 2 есе жылдам болады. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1832023-500-den-astam-spti-trimen-korektenetin-eskini-sti-pajdaly-ma/