Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екатеринбург тұрғындары қазақстандықтарға ақ тілегін айтты (видео)

Опубликовано:

Екатеринбург тұрғындары Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Олар қазақ еліне ақ тілегін арнады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадрлар
Фото: Видеодан кадрлар: Twitter

Видео YouTube желісіндегі "Современное общество" парақшасында пайда болды. Бейнероликте қала тұрғындары қазақтарды мерекемен құттықтап, лебіздерін білдіреді.

"Құрметті достар! Сіздерді Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Гүлденген елде өмір сүріңіздер! Сүйікті Қазақстан қуаныштың сәулесімен нұрлана берсін! Сіздерге бақыт, бейбітшілік пен молшылық тілеймін. Қазақтар, денсаулықтарың мықты болсын! Бай және тәуелсіз болыңдар!",- дейді видеодағы тұрғынның бірі.

Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев күні кеше қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Ол ақ тілегін өз Twitter парақшасында жазды.

Оған қоса, Біріккен Араб Әмірлігі де қазақ халқын Тәуелсіздік күнімен ерекше құттықтады. Алғаш рет әлемдегі ең биік ғимарат Қазақстан туының түсіне боялды. Биік ғимараттағы құттықтауды әлеуметтік желідегілер жарыса жариялап жатыр. Бурж-Халифаның суреті Қазақстанның БАӘ-дегі елшілігінің Instagram парақшасында да пайда болды. Бұл тамаша көріністі қазір Дубай қаласында жүрген қазақстандықтар видеоға түсіріп алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1832102-ekaterinburg-trgyndary-kazakstandyktardy-tuelsizdik-knimen-kttyktady-video/

pixel