Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

«Канело» WBO-ның чемпиондық титулынан бас тартты: Мән-жай анықталды

Опубликовано:

Мексикалық боксшы Сауль Альварестің WBO нұсқасы бойынша жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы титулынан бас тартуының мән-жайы белгілі болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Канело
"Канело". Фото: sportarena.com: UGC

«Канело» өткен айда Сергей Ковалевтен тартып алған WBO нұсқасы бойынша жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы титулын босатты.

"WBO-ның түсіндіруінше, ол суперчемпионға берілетін артықшылықтарды сақтап қалады, яғни «Канело» іле-шала WBO-ның кез келген өзге чемпионына міндетті қарсылас атануы мүмкін", - деп мәлім етті инсайдер Майкл Бенсон.

Естеріңізге салсақ, мексикалық боксшы ресейлік Сергей Ковалевпен өткізген жекпе-жекте оны 11-інші раундта нокаутқа жіберіп, әлем чемпионы белдігіне ие болған еді.

Сонымен қатар, Сауль Альварестің промоутері Оскар Де Ла Хойя оның чемпиондық атақтан бас тартуына қатысты пікір білдірді.

«Біз «Канелоның» және WBO-ның қабылдаған шешімін толығымен қолдаймыз. «Канело» әлем чемпионы болу үшін Сергей Ковалевке әсерлі тойтарыс берген болатын. Онымен қоса, ол орташа ауыр салмақтағы қарсыластары үшін айтарлықтай қауіпті екенін көрсетті. Сонымен бірге, ол фанаттарға қызықты айқас көрсету үшін дивизиондарды ауыстыра алатынын байқатты», - деп келтіреді промоутердің сөзін Badlefthook.com порталы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1832190-kanelo-wbo-ny-cempiondyk-titulynan-bas-tartty-mn-zaj-anyktaldy/

pixel