Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда табысы аз азаматтарға енді несие берілмейді

Опубликовано:

Қазақстанда несие беру өсімі баяулады. ҚР Ұлттық банкі азаматтардың толықтай қарызға кіріп кетпеуі үшін қандай шаралар қолданылып жатқанын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстанда табысы аз азаматтарға енді несие берілмейді
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Қаржы реттеуішінің депуаттық сұранымға жауабында айтылғандай, 2017 жылы қамтамасыз етілмеген тұтынушылық несиелер сегментіндегі қазақстандық қарыздың өсуі 31 пайызды құрады, ал бұрын - 28 пайыз болған.

Атап өту керек, ағымдағы жылдың 10 айында бұл сан 8 пайызға төмендеді.

Ведомствода қазақстандықтардыңң қарызға белшесінен батпауы үшін қандай шаралар қолданылып жатқаны айтылды.

Атап өткенде ҚР Ұлттық банкі келер жылдың бірінші қаңтарынан бастап жүзеге асатын заңға өзгертулер енгізу туралы еске салды.

Осылайша, заңнамаға енгізілетін өзгерістерге сәйкес, қарыз беруге бағытталған заңды тұлғалардың қызметі реттеліп, бақылауға алынады.

Жаңа өзгертулерге сәйкес, қарыз алушылар және олардың құқықтары бойынша ережелер міндетті түрде орындалады.

Атап өтілгендей, енді табысы белгіленген күнкөріс минимумынан төмен азаматтар енді несие алуға өтініш бере алмайды. Еске салайық, келесі жылы бұл минимум 31183 теңгені құрайды.

Банктердің өзі мұндай азаматтарға несие бермейді. Себебі жаңа түзетулер банктің меншікті капиталының жеткіліктілігіне қойылатын талаптарды жоғарылатуды көздейді.

В финансовом регуляторе также рассказали о том, что введение новых поправок поспособствует ограничению постоянного роста задолженности по кредиту. Так, после 90-дневной просрочки оплаты, клиенту перестанут начислять неустойки и комиссии

Қаржы реттеуішінде, сонымен қатар, жаңа өзгертулердің несие қарызының тұрақты өсуін қысқартатыны айтылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1832230-kazakstanda-tabysy-az-azamattarga-endi-nesie-berilmejdi/

pixel