RU

Алматыда 2 041 отбасы мемлекеттік бағдарламалар арқылы тұрғын үй қолдауына ие болды

Алматыда 2 041 отбасы мемлекеттік бағдарламалар арқылы тұрғын үй қолдауына ие болды
Фото: Facebook

Алматы қаласында азаматтарды қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша кешенді шаралар қабылдануда. Мысалы, ең тиімді тетіктердің бірі, пәтердің төмен құнымен және несие бойынша пайыздық мөлшерлеменің төмендігімен ерекшеленетін ипотекалық бағдарламаларды іске асыру болып табылады. 2019 жылы осындай бағдарламалар аясында тұрғын үйге мұқтаждар арасында 2 041 пәтер бөлінді.

Алматыда «Бақытты отбасы» қалалық бағдарламасы кеңінен іске асырылды.

Бір ай ішінде коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға есепте тұрған көпбалалы отбасылар www.baqytty-otbasy.kz. сайтында өтінім берді. Бүгінгі күні Алматы қалалық Бағдарламасы бойынша 284 пәтер сатып алынды.

Бағдарлама шеңберінде тұрғын үй құнының 10% бастапқы жарнасында жылдық 2%-бен 15 млн теңгеге дейін тұрғын үй қарыздары берілді. Қатысушылар тұрғын үйді бастапқы нарықта өз бетінше таңдады. Отбасыларға бастапқы жарнаны жинауды жеңілдету үшін оларға 1 млн теңге сомасына бір жолғы өтеусіз тұрғын үй сертификаттары берілді, - деп Тұрғын үй саясаты басқармасында айтылды.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен «Нұрлы жер» Мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасына өзгерістер енгізілді – тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үй сатып алуға несие беру бағыты бекітілді.

«Бақытты отбасы» бағдарламасы республикалық деңгейде іске қосылды. Мемлекеттік бағдарламаның бұл бағыты 3 жылға есептелген, оның ішінде «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ республикалық бюджет қаражатынан осы санаттағы азаматтарға несие беріледі.

Алматыда 2 041 отбасы мемлекеттік бағдарламалар арқылы тұрғын үй қолдауына ие болды
"Осы бағытты іске асыру ағымдағы жылдың шілде айында іске қосылды. Оның шарттары бойынша жергілікті атқарушы органдардың толық емес отбасыларынан, көпбалалы отбасыларынан, сондай-ақ мүгедек балалары бар немесе мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасыларынан кезекте тұрғандарға қарыз сомасының кемінде 10% бастапқы жарнасы кезінде 2%-бен 15 млн теңгеге дейін тұрғын үй қарыздары беріледі. Бұл ретте, Бағдарламаға қатысушылар тұрғын үйді бастапқы және екінші нарықтарда да таңдай алады. Бүгінгі күні осы бағыт бойынша қалада 211 пәтер сатып алынды", - деп Тұрғын үй саясаты басқармасы басшысының орынбасары Айбек Сайдельдаев түсініктеме берді.

Сондай-ақ, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында «Жергілікті атқарушы органның несиелік тұрғын үйі» бағыты бойынша «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ арқылы Алатау ауданының «Саялы-1» және «Көкқайнар» шағын аудандарында банк салымшылары мен кезекте тұрғандардың арасында 1 241 пәтер бөлінді. Тұрғын үй қарыздары тұрғын үй құнының 20% бастапқы жарна болған жағдайда, жылдық 5% - бен берілді.

Сол уақытта, «Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй» бағыты бойынша «Samruk-Kazyna Construction» АҚ кезекте тұрғандарға Наурызбай ауданының «Шұғыла» шағын ауданында 305 пәтер бөлінді. Тұрғын үй 13 жылға дейін сатып алу құқығымен жалға берілді, бұл ретте жалға алушылардың тұрғын үйді мерзімінен бұрын меншікке сатып алуға құқығы бар.

Бұдан басқа, мұқтаж азаматтардың жеке санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелерінің үлкен кезектілігі мен маңыздылығын ескере отырып, 2020 жылы қала әкімінің тапсырмасы бойынша «Алматы Жастары 3» қалалық бағдарламасын іске қосамыз, оның шеңберінде тағы 35 жасқа дейінгі 1 000 жас отбасыны тұрғын үймен қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз.

Өткен 2 жылда «Алматы Жастары» бағдарламасы аясында 238 жас отбасы 5% мөлшерлемемен пәтер алды. Тұрғын үй қарыздары бастапқы нарықта тұрғын үй сатып алу үшін 5% төмендетілген қойылым бойынша 10 млн теңгеге дейін берілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1832401-almatyda-2-041-otbasy-memlekettik-bagdarlamalar-arkyly-trgyn-j-koldauyna-ie-boldy/