Қазақстандық үлескерлердің құқықтары мен міндеттері қандай
Жарияланған күні:
Баспанасы жоқ әр қазақстандық жеке пәтері болғанын армандайды. Ал жылжымайтын мүлік алу үшін алуан түрлі мүмкіндік бар деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Пәтер сатып алудың нақты және пәрменді тәсілдерінің бірі-үлестік құрылысқа қатысу. Осы тұста әр жобаның шарттары мен талаптары болатынын есте сақтаған абзал.
Сонымен, қазақстандық тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қорында үлескерлік құрылысқа қалай қатысу керектігі, сондай-ақ үлескердің құқықтары мен міндеттері түсіндірілді.
Үлескер ақшаны уәкілетті компанияның банктік шотына қолма-қол ақшасыз тәртіпте енгізуге және шарт талаптарын уақытылы орындауға міндетті.
Бұдан басқа, үлескер тұрғын үй ғимаратындағы өз жылжымайтын мүлкін бір күнтізбелік ай ішінде қабылдауы тиіс.
Сондай-ақ, үлескер уәкілетті компанияны дербес деректердегі өзгерістер туралы хабардар етуі керек. Мысалы, егер ол өзінің нақты мекен-жайын өзгертсе, онда бұл туралы компанияға бір ай ішінде жазу қажет.
Үлескердің құқығына келетін болсақ, ол компаниядан барлық қажетті ақпаратты ала алады, сондай-ақ одан шарт талаптарының тиісті орындалуын талап етуге мүмкіндігі бар.
Сонымен қатар, үлескер тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша талап ету құқықтарын бере алады.
"Үлестік құрылыстың басты артықшылығы-бұл екінші реттік тұрғын үймен салыстырғандағы төмен баға. Біздің қор үлестік тұрғын үй құрылысын дамыту арқылы қазақстандықтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін барлығын жасайды",-деді Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қорында.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1832440-kazakstandyk-leskerlerdi-kkyktary-men-mindetteri-kandaj/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.