Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Иә деді": Димаш Әділет ресейлік аруға үйленуге ұсыныс жасады (видео)

Жарияланған күні:

Желіде танылған қазақ жігіті Димаш Әділет сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасап, өзіне ессіз ғашық талай арудың жүрегін жаралады. Instagram кеңістігінде серінің ғашығына тізерлеп тұрып, сақина ұсынған сәтінен видео тарап кетті. Аталмыш бейнежазбаға әлемнің түкпір-түкпірінде тұратын сылқымдар өкініш білдіріп, толассыз пікір қалдыруда деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/dimashadilet. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/dimashadilet. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Бойжеткендерді ерекше сымбатымен тамсандырған cері жігіттің таңдауы танымал ресейлік сәнбике Виктория Одинцоваға түскен.

Димаш Әділет өміріндегі маңызды қадамды өзінің достарының арасында болған сәтте жасаған.

Ол сүйіктісінің көзін жауып қойып, ойламаған жерден оған өзінің өмірлік жары болуға ұсыныс білдірді.

Талай арудың жүрегін жаулаған сымбатты жігіт ғашығының алдында тізерлеп тұрып, сақина ұсынды. Виктория Димашқа "иә" деп жауап қайтарып, оның жары болуға келісімін берді.

Ресейлік модель үшін бұл күтпеген жайт болғаны анық. Арудың көзінен оның қатты таңғалып тұрғанын аңғаруға болады.

Оған қоса, ұсыныс жасау жоспарын тек сері жігіттің өзі ғана білген болу керек. Себебі, ол тізерлеп отыра бастағанда оқиғаға куә болған ғашықтардың достары да өз әсерін жасыра алмай, айқайлай бастады.

Димаш Әділет аталмыш бейнежазбаны өз парақшасына жүктеп, оқырмандарына ресми түрде бойдақтар қатарынан шыққанын жеткізді.

Алайда, қазақ жігітінің жеке өміріндегі өзгерісіне бірі қуанса, бірі керісінше қайғырып жатыр. Сылқымдар видеоға толассыз пікір қалдырып, сүйіктілерінің үйленгелі жатқанына бірі ашуын, енді бірі өкінішін білдіруде.

Димаштың соңғы жазбасы ғаламтор кеңістігінде қызу талқыланды.

"Сені мені таңдамағаның үшін кешіремін. Бірақ, біл мен сені өмірімнің соңына дейін сүйіп өтемін" , "Менің жүрегім жараланды. Енді ары қарай қалай өмір сүремін?" , "Қазақ қызы табылмай қалды ма?" , "Димаш сен менің жүрегімді жараладың" , "Өтінемін бұл қалжың деші" , "Не болып кетті, қалайша сен үйленбексің" , - деп жазуда қыздар.

Айта кетейік, Димаш Әділет планетаның ең ақылды адамдар клубына кіреді. Талай қыздың арманына айналған сері туралы толығырақ мына сілтеме бойынша біле аласыз.

Оған қоса, бұған дейін ол сұхбаты барысында болашақ жары қандай болу керектігін айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1832592-i-dedi-dimas-dilet-resejlik-aruga-jlenuge-synys-zasady-video/