Екі бірдей баласы ауыр дертке шалдыққан әке жомарт жандардан көмек сұрауда (фото)
Жарияланған күні:
Екі бірдей баласы ауыр дертке шалдыққан әке жомарт жандардан көмек сұрайды. KAZ.NUR.KZ редакциясына хабарласқан Балжігіт Торыбаевтың қызы Аружан 7 жаста, ұлы Бейбарыс бесте. Аружан жүруден қиналса, Бейбарыс өз аяқтарымен мүлде жүре алмайды. Ал бұл сырқатқа еліміздің білікті мамандары да, Ресей, Корея, Франция елінен келген дәрігерлер де нақты диагноз қоя алмаған.
Ақ халаттылардың айтуынша, ем тек АҚШ немесе Германия елдерінде ғана қолданылуы мүмкін.
"Бұл жағдайға біз 2016 жылы Бейбарыс 2 жас 5 ай болғанда тап болдық. Бейбарысымыз аяқтарын біртүрлі сүйретіп баса бастады. Тегіс жерде сүрінетін болды. Кейіннен тіпті қадам басуды қойды. Содан біз дәрігерлерге көрсеттік. Ешкім нақты диагноз қоя алмады. Сөйтіп жүргенде қызымызда да сондай өзгерістер пайда бола бастағанын көрдік. Бірақ, шыны керек, біз бұл уақыттары аса мән бермеппіз.
Тек 2017-де наурыз айында №2 қалалық ауруханаға барған кезде мұның жай ауру еместігін елімізге танымал невропатолог Маржан Махмутовна Лепесованың қарауына кіргенде білдік. Есіктен кірген бойдағы дәрігердің таңданысын айта алмаймын. Бүкіл дәрігерлерді жинап консилиум өткізді, содан қорытынды шығарды. Мұны естіген ата-ананың жағдайы айтпаса да түсінікті шығар",- дейді әкесі.
2017 жылы "Ана мен бала" ұлттық ғылыми орталығы Аружан мен Бейбарыстың нақты диагнозын білмегендіктен, ешқандай емдеу шараларын жасай алмады. Ендігі үміт шетелдік мамандарда болғандықтан, ата-ана әлеуметтік желілерде кореялық невропатологтардың Алматыға келетінін естіп, бірден кездесуге барады.
"Бізді қабылдаған олар бұл өте ауыр ауру екенін айтып, диагнозды анықтау үшін Кореяға баруға кеңес берді",- дейді балалардың әкесі Балжігіт Торыбаев.
Алматыға келген кәріс мамандар барлық шығынды өздері көтеріп, оларды Кореяға апарады. Екі апталық зерттеуден кейін "Анықталмаған омыртқа бұлшықетінің атрофиясы", оған қосымша "Жоғары дәрежелі миопия" диагнозы қойылады. Бірақ, олар да АҚШ пен Германиядағы мамандармен хабарласуға кеңес берген екен. Өйткені, Кореяда бұл саланың мамандары жоқ болып шығыпты.
"Бұл кезде Аружан тіпті қиналып кетті, өздігінен баспалдаққа көтеріле алмай қалды. Біз оны мектепке көтеріп алып барып келетін болдық. Өзіміз жалдамалы пәтерде тұрамыз. Мен қарапайым мұғаліммін. Анасы үй шаруасындағы әйел",- дейді балалардың әкесі.
Торыбаевтың сөзінше, қазір балаларды АҚШ-тағы клиникаға шақырған, алайда жанұяның шекара асып, ем қабылдауға қаражаты жоқ.
Бізді АҚШ-тағы Children Hospital of Michigan клиникасы шақырып отыр, алайда АҚШ-қа апарып, қаратуға шамамыз жоқ. Балаларымыздың өз аяғымен мектепке барып, қатарластары сияқты жүгіріп жүргенін көргіміз келеді. Біз жомарт жандардан қол ұшын беруді сұраймыз", - дейді ата-ана.
Емге қажетті бастапқы cома - 238 000 $.
Қосымша ақпарат алу үшін +7 777 376 72 78 нөміріне хабарласа аласыз.
Қаржылық қолдау білдіреміз дейтін жомарт жандардың назарына реквизиттер:
АҚ "Kaspi Bank" БИК: CASPKZKA 5169 4931 2544 6404 ШОТ НӨМІРІ: KZ89722S000001965788
АҚ " Eurasian Bank" Счет №: KZ599480001A02223387 БИК: EURIKZKA Eurasian Bank ЖСН: 891111301830 ТАӘ: ТОРЫБАЕВ БАЛЖИГИТ СУЛЕЙМЕНОВИЧ
ШОТ НӨМІРІ(USD): KZ97914CP84057575969, ЖСН: 891111301830, Банк: АҚ "Сбербанк", ЕБ БИН: 930740000137, БИК: SABRKZKA
(Редакция құжаттардың толық нұсқасын ұсынған жоқ).
Айта кетейік, 2018 жылы ауыр дертке шалдыққан әнші Дәулет Болатов өнерден біржолата кетті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1832612-eki-birdej-balasy-auyr-dertke-saldykkan-ke-zomart-zandardan-kmek-srauda-foto/