Малайзияда өткен автораллиде моңғолиялық қазақ әлем чемпионы атанды

Опубликовано:

Малайзияда жолсыз жердегі автоспорттан "RFC-Grand Final -2019" әлем чемпионы өз мәресіне жетті. Жарыс қорытындысы бойынша моңғолиялық қандасымыз Сабыржан Баянханұлы әлем чемпионы атанған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Kaznews.mn порталына сілтеме жасап.

Фото: kaznews.mn
Фото: kaznews.mn: Depositphotos

Басылымның жазуынша, Малайзияның ну ормандарында 10 күнге созылып, мыңдаған шақырымды қамтыған жарысқа Моңғолия командасында қандасымыз Сабыржан Баянханұлы өнер көрсеткен.

Фото: kaznews.mn
Фото: kaznews.mn: Depositphotos

Ол әлемнің ең мықты деген командалар мен спортшылардан озып, әлем чемпионы болған.

Фото: kaznews.mn
Фото: kaznews.mn: Depositphotos

Бұл жарысқа Сабыржан Баянханұлы бастаған топ Моңғолияда алғаш рет өздері құрастырған автокөлікпен қатысқан.

Фото: kaznews.mn
Фото: kaznews.mn: Depositphotos

Ал келер жылы жолсыз жердегі автораллиден Азия чемпионаты 2020 жылы Моңғолияда өтеді.

Фото: kaznews.mn
Фото: kaznews.mn: Depositphotos

Қазақпараттың мәліметінше, Сабыржан Баянханұлы моңғолияның Эрдэнэт қаласында тұрады.

Фото: kaznews.mn
Фото: kaznews.mn: Depositphotos

Еске сала кетейік, бұған дейін этникалық қазақ Сержан Бағдатұлының Қытайда үздік модель атанғанын жазған едік.

Қытайда тұратын қандасымыз 2018 жылы сол елдің Кайфың қаласында өткен "Жұлдызды модельдер" бәсекесіне қатысқан.

Қытайдың әр облысынан іріктелген 60-қа жуық қатысушы арасынан сымбатымен, дара өнерімен озып, Сержан бас жүлдені қанжығалаған.

Кескін-келбетімен Қытайды тамсандырып жүрген сері жігіттің бойы 191 см.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1832849-malajziada-tken-avtorallide-mogolialyk-kazak-lem-cempiony-atandy/

jitsu gif