Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақ қызы АҚШ-тағы өмір жайлы бар шындықты айтты

Опубликовано:

Алматылық Гүлбану Азипова жолдасымен бірге мұхит асып, АҚШ-қа білім қуып барған болашақ ана. Әнші Димаш Құдайбергеннің Нью-Йорктегі концертіне қатысып, шетелдіктерден сұхбат алған ол, шетелде білім алуға талпынып жүрген жастарға өз кеңестерімен бөлісті. KAZ.NUR.KZ тілшісі 23 жастағы отандаcымызбен тілдесіп, АҚШ-тағы өмір туралы біліп көрді.

Фото: Instagram
Фото: Instagram: Instagram

- Гүлбану қай жақтан боласыз? Жасыңыз нешеде? Қандай мамандық иесісіз?

Алматы қаласынан боламын, жасым 23-те. "Стандарттау, сертификаттау және метрология" мамандығы бойынша 2л-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің физика-техникалық факультетін бітіргенмін.

- АҚШ-та тұрып жатыр екенсіз, ол жаққа қалай бардыңыз?

Иә, қазір Нью-Йорк қаласында тұрып жатырмыз. Жолдасым осы жаққа оқуға түсіп, 2019 жылдың сәуір айында студенттік виза арқылы сол кісімен бірге келген болатынмын.

- Жалпы оқырмандарға өзге елде өмір сүру жайлы оқығын қызық болар, АҚШ-тағы өміріңіз жайлы айтып берсеңіз? Немен айналысасыз? Тілді меңгеру жағынан қиындықтар болмады ма?

- Иә, көп адамға өте қызық, осы жақтың үйлері, асханасы, адамдары дегендей... Жалпы өзіме де барлығы қызық. Сол үшін өз елімізде көрмеген, ерекше заттарды көргенде, парақшамда бөлісіп, әрдайым оқырмандарыма да көрсетуге тырысамын. Қазіргі таңда жүктілік кезеңіндемін, 7 ай, көбінесе үйдемін. Тілге келетін болсақ, шынымды айтсам басында келгенде мүлде түсінбегенмін. Өте тез, қысқартып сөйлейтін болған соң, түсіну үшін біраз уақыт қажет болды...

Бірақ, уақыт өтуімен құлағыңызда үйреніп кетеді. Түсіне бастайсыз. Бір айта кетерім, ағылшынды күнделікті ден қойып, сөздерді жаттап үйренбесеңіз, "сол ортада жүрсем өздігімнен үйреніп, біліп кетемін" деген қате пікір. Сіз тек өзіңіздің үйреніп, жаттағаныңызды іс жүзінде қолданып, соған қосымша ретінде бір екі сөздерді не сөз тіркестерін күн ара күнделікті өмірден ала отырып сөздік қорыңызға қосуыңыз мүмкін.

- АҚШ-тағы жүктілік, босануға қатысты да блог жүргізеді екенсіз, Қазақстанда емес, жалпы сол жаққа әдейі барып босанатын келіншектер көп пе? Өз тәжіриеңізбен бөлісе кетсеңіз?

Иә, шыныменде, қыруар қаражат жұмсап, арнайы осы АҚШ-қа келіп босануды қалайтын жандар өте көп. Неге екені айтпаса да түсінікті деп ойлаймын. Алла қаласа екі айдан соң босанамын. Сол кезде "Америкада босану" дегеннің қалай екенін көретін боламыз.

- Жалпы АҚШ жайлы блог жүргізуді қалай қолға алдыңыз? Жолдасыңыз қарсы болмады ма?

Блог жүргізуді осы Америкаға келісімен бастаған болатынмын, ол кезде алғашқы күндердегі өзімнің сезімдеріммен бөлісетінмін, қазір ондай көп уақыт өтпесе де, біраз білген-түйгеніммен,осы Америкаға келгісі келіп жүрген жандарға қажет болады-ау деген ақпарттармен бөлісіп жүрмін. Жолдасым қарсы емес, керісінше, маған өте жақсы қолдау көрсетеді, әдемі сурет-видеоларым сол кісінің арқасы.

- Өткенде Димаштың концертінде сұхбат алып, қызықты видеолармен де бөліскен едіңіз? Жалпы оның концертіне келген қазақстандықтар көп болды ма? Ондай концертті көзбен көрудің өзі ерекше әсер берген шығар ?

Иә, концерт өте жоғары деңгейде өтті. Өзіміздің "Дайдидауымызды", "Адай" күйін АҚШ-тың қақ ортасында отырып тыңдау деген өте керемет екен. Іштей Димашқа деген мақтаныш сезімі, өз елімізге деген патриоттық сезім күшейгендей болды. Концерттің соңында америкалық жанкүйерлерден сұхбат алған болатынмын.

Мен журналист емеспін, бірақ сол кісілермен тілдескім келді және жауаптарын естіген кезде, арнайы Димаш үшін басқа елдерден келіп, қазақша әндерді жаттап, аударып жүргендерін естігенде, біз неге өзіміз солай жанкүйер емеспіз деген сұрақ туындады... Димаш пен ата-анасына ерен еңбектері үшін басымызды иеміз.

-АҚШ-қа оқуға немесе жұмысқа барғысы келетін жастарға қандай кеңес айтар едіңіз?

Әрекет ету! Өз басым бұрындары шет елде оқып жатыр дегенді естігенде, өте білімді, ағылшыны мықты жандар немесе ауқатты балалар ғана оқиды деп ойлайтынмын, "қандай күшті" деп қызығып қана қоятынмын. Осы бір жыл бұрын ғана Америкаға бару туралы ойлап, ақпараттарды іздеп бастағанда, өзіміз ай сайын төлей алатын қолжетімді оқуға түсіуге болатынын, ағылшын үйреніп, қосымша табыс табуға да болатынын білдік.

Білгеннен кейін сәйкесінше әрекет етіп, көп ұзамай осы Нью-Йорк қаласынан бір-ақ шықтық. АҚШ-тың негізінде еңбек еткен жанға берері өте көп. Сол үшінде айтарым ізденіп көріңіздер, жан-жақтан ақпарат жинап, барлығын сараптап, нақтылап алғаннан кейін әрекетті бастау керек. Адамның жасағанын адам жасай алады!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1832879-kazak-kyzy-aks-tagy-mir-zajly-bar-syndykty-ajtty/

pixel