Ақмола облысында жергілікті маңызы бар 412 км жол мен көше-жол желісі жаңартылды

Опубликовано:

Ақмола облысында жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының ұзындығы 7886,5 км құрайды. Облыс жолдары бойынша көпірлердің жалпы саны 191, су өткізу құрылыстары – 3233 құбыр.

Биыл Ақмола облысында жергілікті маңызы бар 412 км жол мен көше-жол желісі жаңартылды
Фото: Ақмола облысының әкімдігі: Facebook

Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы елді мекендердің көлік коммуникациялары мен көше–жол желілерін тиісті жағдайда ұстау бойынша мақсатты жұмыстар жүргізуде, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы «Aqmola News» АА-ға сілтеме жасай отырып.

"Биылғы жылы облыстың автомобиль жолдарын жөндеуге 21,6 млрд теңге бөлінді. Осы құралдардың нәтежинсінде 400 км астам жол жаңартылды. Айта кетерлігі, 35 км жол жөндеуден өтіп, орташа 252 км жолға асфальт төселді. Сондай-ақ, 96 су өткізгіш құбырларды жөндеу, 480 жол белгісі мен 358 белгі бағаналарын орнату жоспарланған. Сонымен қатар, басқарма тұрақты негізде облыстық маңызы бар автожолдарды және су өткізу құрылыстарын күтіп ұстау және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуде", - деп түсіндірді Ақмола облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Әрсен Жанғасқанов.

Нұр-Сұлтан қаласына жақын орналасқан елді мекендерді әлеуметтік–экономикалық дамытудың кешенді жоспарын және өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын іске асыру аясында бірқатар жұмыстар атқарылды. Қазіргі уақытта облыстың бірқатар ауылдарындағы көше-жол желісіне күрделі жөндеу жүргізілді. Целиноград және Аршалы аудандарының Қосшы және Жібек Жолы ауылдарындағы көше-жол желісінің құрылысы жүргізілді. 15 аудан орталықтарының, елді мекендердің көше-жол желісінің жағдайын жақсарту бойынша жұмыстар жүргізілді.

Әрсен Жанғасқанов облыстық маңызы бар автожолдарды және облыс аудандарының көше-жол желілерін жөндеу бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге назар аударылатынын айтты:

«Көкшетау–Рузаевка», Васильковка – «Көкшетау-Петропавл» және «Щучинск-Зеренді – Веденовка» автожолдарын орташа жөндеуге ЖСҚ әзірленді. Бұдан басқа, ЖСҚ «Шығыс айналма жолы – Нұр-Сұлтан – Сарыоба станциясы» автожолдарындағы әр түрлі ұзындықтағы учаскелерді күрделі жөндеуге, Атбасар қаласындағы 100 пәтерлік 5 тұрғын үйге және Целиноград ауданы Қоянды ауылының көше–жол желісіне орамішілік жолдардың құрылысына дайын.

Алдағы уақытта Көкшетау қаласында өтетін Қазақстан мен Ресейдің аймақаралық ынтымақтастық форумы аясында облыс орталығын осы айтулы оқиғаға дайындау жұмыстары жүргізілуде.

Бірқатар жобаларды жүзеге асыру үшін бүгінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен Көкшетау қалалық жол желісін жөндеуге қаражат бөлінді. Бұл Қопа көлінің жағасындағы жол салу және көпір салу, Назарбаев және Жүнісов, Назарбаев және Абай көшелерінің қиылысындағы жолды қайта құру, Васильковский шағын ауданы мен Орталық шағым ауданы арасындағы жолды орташа жөндеу.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1833230-akmola-oblysynda-zergilikti-mayzy-bar-412-km-zol-men-kse-zol-zelisi-zaartyldy/