Ерейментау ауданында жол бойындағы "Дилара" тұрғын үй кешенінің ашылуы өтті
Опубликовано:
Ақмола облысы Ерейментау ауданында жол бойындағы "Дилара" тұрғын үй кешенінің ашылуы өтті. Кешен Өленті ауылдық округіндегі Астана-Шідерті тас жолының 177 шақырымында орналасқан деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.

Жобаның жалпы құны 100 млн. теңгені құрайды, іске асыру кезеңі – 2018-2021 жылдар.
Жалпы аталған жоба қонақ үй, кафе, монша, ТҚС, автожуу және шиномонтаж құрылысын қарастырады.
Қазіргі уақытта жол бойындағы кешенде қонақ үй, кафе, банкет залы жұмыс істейді. Ашылу кезінде 5 тұрақты жұмыс орны құрылды, одан әрі 12 жұмыс орны ұлғайтылды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1833236-erejmentau-audanynda-zol-bojyndagy-dilara-trgyn-j-kesenini-asyluy-tti/