Шпекбаев ақтөбелік студенттің қолынан шыққан сағатты сатып алды (фото)

Опубликовано:

Жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына келген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев жергілікті оқу орнының студенті Тимур Нарымовтан қолынан шыққан сағатты сатып алған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Агенттік төрағасы облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің жанында орналасқан "Antıkor ortalyǵy" сервистік ғимаратының салтанатты ашылуына қатысып, бірқатар нысандарды аралады және тұрғындармен қабылдау жүргізді.

Сонымен қатар, Жұбанов университетіндегі адалдық бұрышынан студенттер жасаған бұйымдардың ішінен қолсағат сатып алды. Басшы бағасы 4500 теңге болатын қоңыр түсті сағатты таңдаған.

Ал бос уақытында қол сағат жасаумен айналысатын студент жоғары лауазымды басшылардың таңдауына қуанғанын жасырған жоқ.

"Мен ол кісінің сағат алатынын білген жоқпын. Білсем, сағаттың артына есімін жазып дайындап қояр едім. Университетте сағаттардың артына ұстаздардың атын жазып қоямыз, алады. Бір сағатты жасауға бір күн кетеді. Оған сабақтан тыс бос уақытымды бөлемін. Бағасын нарықтағыдан арзан қоямын. Маған қазіргі уақытта ақша табу емес бренд қалыптастыру маңызды",- дейді 2 курс студенті Тимур Нарымов.

Естеріңізге сала кетейік, Алик Шпекбаев таяуда ғана Дүниежүзілік Қазақ күресі федерациясының президенті болып сайланған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1833487-spekbaev-aktbelik-studentti-kolynan-sykkan-sagatty-satyp-aldy-foto/

jitsu gif