Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры осы уақытқа дейін қанша теңгеге кепілдік берді

Опубликовано:

Қазір үлескерлік құрылыс жаңа деңгейге көтерілді. Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қорының өкілдері құрылыс салушылармен қорытынды кездесу өткізіп, Қордың кепілдігін қалай алу керек екенін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры осы уақытқа дейін қанша теңгеге кепілдік берді
Фото: Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры: Facebook

Қор қызметінің негізгі стратегиялық көрсеткіштері "Нұрлы жер" тұрғын үй бағдарламасына енгізілген. Бекітілген көрсеткіштерге сәйкес, 2019 жылы Қор тұрғын үй құрылысы жобалары бойынша жалпы құны 90,3 млрд теңгеге кепілдік беруі тиіс болатын.

Сонымен қатар, Қор қызметінің басынан бері берілген кепілдіктерді есепке алғанда 154,8 млрд теңгеге кепілдік ұсынылды.

Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры басқарма төрағасының орынбасары Мұрат Нұршаевтың айтуынша, мұндай нәтижелерге Қор құрылыс салушылардың сенімінің, сондай-ақ олардың кепілдік алу кезінде алатын артықшылықтарының арқасында қол жеткізді.

«Бәрімізге белгілі, құрылысты аяқтауға кепілдік алу арқылы үлестік құрылысты ұйымдастыру тәсілінен басқа, екінші деңгейлі банктің қатысуымен және қаңқасы салынғаннан кейін үлескерлердің ақшасын алуға жергілікті атқарушы органның рұқсатын алу сынды екі тәсіл бар. Өткен жылы аталған үш тәсілдің арасында үлестік құрылыс нарығын Қордың кепілдіктерімен қамту 17,6% құрады. Ал "Нұрлы Жерде" 10% жоспарлы көрсеткіші көзделген еді.

Бұл екі сан біз үшін өте маңызды, және келесі жылы осы бағытта көп жұмыс істейміз. Ммүдделі құрылыс салушыларға кеңес бере отырып, үлесті құрылысты ұйымдастырудың осы әдісінің тартымдылығын арттырамыз»,- деді Марат Нұршаев.

Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры осы уақытқа дейін қанша теңгеге кепілдік берді
Фото: Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры: Facebook

Құрылыс салушылардың бірі компания тұрғын үй құрылысына кепілдік беру Қорымен 2018 жылдан бері жұмыс істеп келетінін айтты. Ербол Сағынаев сол сәтте Қорға кіруде де, кепілдік алуда да қатаң талаптар болғанын еске алады.

"Біз жарты жылдан көп уақыт құжаттар дайындаумен айналыстық, жұмыс тәртібінде барлық ескертулерді пысықтадық, кейіннен бәрін түзетіп, Қорға сұраныс жібердік. Бір ай ішінде кепілдік алып, құрылыс бастадық. Әрине, күмәніміз болды. Біз ол кезде Кепілдік беру қоры қалай жұмыс істейтінін, қандай механизм қолданатынын білмедік. Сонда олар бізді қолымыздан алып, кепілдік алу үшін көзделген барлық кезеңдерден өткізді және жобаның ортасына қарай бізде оның қалай жұмыс істейтіні туралы нақты түсінік пайда болды деп айтуға болады. Бүгінгі таңда бізге басқа құрылыс салушылар Қормен жұмыс істеу қаншалықты қиын екенін, қандай талаптар, қандай қиындықтар бар екенін және бұл қаншалықты экономикалық тиімді екенін білу үшін жиі жүгінуде»,- деді Ербол Сағынаев.
Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры осы уақытқа дейін қанша теңгеге кепілдік берді
Фото: Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры: Facebook

Қазір үлескерлік құрылыс жаңа деңгейге көтерілді. Қазірдің өзінде 12 нысан пайдалануға берілді, Қордың кепілдігімен салынған тағы екі нысан дайын тұр.

«Қор барлық кепілдік мерзімі ішінде құрылыс салушымен және уәкілетті компаниямен бірге жүреді, бірлескен құрылысты ұйымдастырудың осы әдісінің тартымдылығын арттыру үшін барлық шаралар қабылданады.

Сонымен қатар, Қор жаңа өнімді- үлескерлер несиесін кепілдендіруді әзірледі. Ағымдағы жылы ол аталған тауарға қызығушылық танытқан екінші деңгейдегі банктердің ескертулері мен ұсыныстарын ескере отырып қайта өңделді", - деді Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры басқармасы төрағасының орынбасары.

Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры осы уақытқа дейін қанша теңгеге кепілдік берді
Фото: Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры: Facebook

Айта кетейік, 2019 жылдың қорытындысы бойынша тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры жалпы құны 88,8 млрд теңгені құрайтын 23 жобаны жүзеге асыруға кепілдік берді. Барлығы 5 988 пәтер. Салыстыру үшін 2018 жылы Қор 56,6 млрд теңге сомасына 16 кепілдік берді, ал 2017 жылы 9,4 млрд теңгеге тек екі кепілдік ұсынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1833543-trgyn-j-krylysyna-kepildik-beru-kory-osy-uakytka-dejin-kansa-tegege-kepildik-berdi/

jitsu gif