RU

Ақмола облысында өнеркәсіп белсенді дамуда

Өңірдің өнеркәсібі барлық негізгі бағыттар бойынша оң нәтежие көрсетуде, деп ішкі саясат басқармасы хабарлайды.

Ақмола облысында өнеркәсіп белсенді дамуда
Фото: Акимат Акмолинской области: Facebook

Ақмола облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының ақпараты бойынша ағымдағы 2019 жылы облыстың өнеркәсіп кәсіпорындары 690 млрд.теңгеден астам сомаға өнім өндірді. Оның ішінде өнеркәсіптік өндіріс көлемінің ең үлкен үлес салмағы Көкшетау, Степногорск қалаларына және Зеренді ауданына тиесілі.

Ақмола облысында өнеркәсіп белсенді дамуда
Фото: Акимат Акмолинской области: Facebook

Облыстық салалық басқарманың өнеркәсіп бөлімінің басшысы Мария Хасенованың айтуынша, өндіріс өсімі тау-кен және өңдеу өнеркәсібінде байқалады.

«Өңірдің тау-кен өнеркәсібінде өндірілген өнім көлемін 66 млрд.теңгеге ұлғайтқан 13,4% - ға өсім байқалады. Өңдеу өнеркәсібі 1,6% - ға, резеңке және пластмасса бұйымдары 41,2% - ға артты. Сонымен қатар, «Новопэк» ЖШС полимер өнімдері нарығының көшбасшысы арқасында облыста полиэтилен пакеттері мен қаптар өндірісі 9,2 есеге өсті", - деп атап өтті Мария Хасенова.

Сондай-ақ, өңірде өткен жылмен салыстырғанда ет, ішек-қарын, сүт және сары май көп өндіріле бастады. Бұл бұл жергілікті өнімдерге тұрақты сұраныс пен Астана қаласының өсіп келе жатқан қажеттілігімен байланысты.

Ақмола облысында өнеркәсіп белсенді дамуда
Фото: Акимат Акмолинской области: Facebook

Машина жасау өндірушілерінің жақсы көрсеткіші, олардың өнімділік көлемі 15,5% - ға өсті. Бұл салада жетекші кәсіпорындар темір жол жылжымалы құрамына арналған подшипниктер өндіруге маманданған «ЕПК Степногорск» АҚ, электровоздарды күрделі жөндеумен айналысатын «Қамқор-Локомотив» ЖШС филиалының Атбасар электровоз жөндеу зауыты және жүк және мамандандырылған автомобильдерді құрастырумен айналысатын «КАМАЗ-Инжиниринг» АҚ болып табылады. Аталған кәсіпорындар жүк және арнайы автомобильдерді құрастырумен айналысады.

Жалпы, Ақмола облысында 1110 өнеркәсіптік кәсіпорын мен өндіріс жұмыс істейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1833609-akmola-oblysynda-nerksip-belsendi-damuda/