Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысында 20 жазушының еңбектері электронды тасымалдағышқа көшірілді

Опубликовано:

Бүгін Көкшетау қалалық электрондық кітапханасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде Көкшетау жазушыларының аудиокітапсы таныстырылды. Іс-шара «Қаламгер қазынасы» жобасы аясында Ақмола облыстық тілдерді дамыту жөніндегі әдістемелік орталығымен бірлесіп ұйымдастырылды, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы «Aqmola news» ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Ақмола облысында 20 жазушының еңбектері электронды тасымалдағышқа көшірілді
Фото: Акимат Акмолинской области: Facebook

Әдеби мұра тізіміне өңірдің танымал жазушы-публицистерінің шығармалары электронды түрде енгізілді. Электронды кітапхана директоры – Қаратай Байкенұлы қонақтарға электронды тасымалдағышқа көшірілген шығармалар туралы айтып берді.

Бұл жобаның мақсаты - жас ұрпақты дарынды жазушылардың туындыларымен таныстыру. Электрондық форматқа Мәлік Ғабдуллин, Ілияс Есенберлин, Жұмағали Саин, Сәкен Жүнісов, Жанайдар Мусин, Естай Мырзахметов, Елжас Бекенов, Сарбас Ақтаев, Төлеген Қажыбаев, Баймұрат Азнабайұлы, Мәди Хасенов, Мағира Қожахметов, Нығмет Ғабдуллин, Ерназар Ыбыраев, Қорғанбек Аманжолдың кітаптары аударылды» - деп атап өтті Қаратай Төлекеев.

Айта кетерлігі, автордың қандай да бір материалын тыңдау үшін оқырман Көкшетау электрондық кітапханасының сайтына кіріп, QR – кодты бетте сканерлеуі қажет.

Қатысқан қоғам қайраткерлері мен қонақтар пікірлерімен бөлісіп, жобаға оң баға берді.

Іс-шара соңында авторы Қаратай Төлекеев болып табылатын «Көкшетау» әнін «Көкше» тобы орындады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1833611-akmola-oblysynda-20-zazusyny-ebekteri-elektrondy-tasymaldagyska-ksirildi/

pixel