Ермек Маржықпаев Целиноград ауданына жұмыс сапарымен барды

Опубликовано:

Облыс әкімі Қараөткел ауылындағы орта мектеп пен дәрігерлік амбулаторияда болды. Мектеп 1981 жылы салынған, ал күрделі жөндеу соңғы рет 10 жыл бұрын жүргізілген. Ағымдағы жөндеу жұмыстары шатырын, жылыту жүйесін жаңартты. Дегенмен, облыс әкімі ғимараттың салқын екенін атап өтіп, спортзалдағы нашар жарықтандыруға назар аударды.

Облыс әкімі Ермек Маржықпаев Целиноград ауданына жұмыс сапарымен барды
Фото: Акимат Акмолинской области: Facebook

Ермек Маржықпаев жергілікті билікке сумен жабдықтаудың таратушы желілерін салу үшін жобалық-сметалық құжаттама дайындаумен айналысуға тапсырма берді. Себебі қазіргі уақытта 4000-нан астам үйдің 1000-нан астамы орталық сумен қамтылған. Барлық тұрғындарды үздіксіз сумен қамтамасыз ету үшін 120 км желі салу қажет.

Өңір басшысы атап өткендей, ауданға 20 млрд теңге, оның ішінде 4 млрд әлеуметтік салаға, 3 млрд теңге — электрмен қамтамасыз етуге, миллиард теңгеден астам тұрғын үй құрылысына, 6 млрд теңге - автожолдарды жөндеу мен қайта құруға бөлінген. Әкім атап өткендей, бұл іс жүзінде облыс орталығының бюджеті және келесі жылы Целиноград ауданының өзекті мәселелерін шешуге ағымдағы жылға қарағанда кем емес бөлінетін болады. Облыс әкімі сондай-ақ жергілікті билік органдарының жұмысы ұсақ-түйектен басталатынын айтты. Мысалы, мектептерде ең алдымен жылу және жарық болуы керек.

Облыс әкімі Ермек Маржықпаев Целиноград ауданына жұмыс сапарымен барды
Фото: Акимат Акмолинской области: Facebook

Сондай-ақ, облыс әкімі жаңа дәрігерлік амбулаторияның құрылысын қарастыруды атап өтті. Себебі ескі ғимаратта орналасқан амбулаторияны жөндеудің мәні жоқ, себебі ол барлық паценттер үшін тар.

Өңір басшысы Қараөткел ауылындағы 120 орындық жаңа Қаражар орта мектебіне барды.Аталған оқу орынында 300-ден астам оқушы білім алуда. Бірнеше жылға мәселені шешу үшін қосымша құрылыс жасауды тапсырды.

Облыс әкімі Ермек Маржықпаев Целиноград ауданына жұмыс сапарымен барды
Фото: Акимат Акмолинской области: Facebook

Облыс әкімі жұмыс сапары аясында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, «CAPITAL PROJECTS LTD» ЖШС бройлер құс фабрикасына, «ЕСО PACK ASTANA» ЖШС екінші реттік шикізаттан жасалған жұмыртқаға арналған гофро орамал жасайтын кәсіпорынға және Ақмол ауылының орталық қазандығына барды.

Облыс әкімі Ермек Маржықпаев Целиноград ауданына жұмыс сапарымен барды
Фото: Акимат Акмолинской области: Facebook

Іс-сапар соңында Ермек Маржықпаев су тасқынына қарсы іс-шаралардың толық кешенін жүргізуді тапсырды, сондай-ақ Қосшы ауылының тұрғындары үшін жаңа емхана мен қуаты 100 МВт күн электр станциясын салу бойынша екі құрылыс алаңдарында болды. Бұл жерде облыс әкімі құрылысшылардан сапалы жұмыстарды орындауды талап етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1833614-ermek-marzykpaev-celinograd-audanyna-zmys-saparymen-bardy/

jitsu gif