Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көкшетауда басты шырша жағылды

Опубликовано:

Жаңа 2020 жылы жақындаған сайын қала тұрғындары жаңа жылдық көңіл-күймен қандай да бір ғажапты көбірек сезінуде. Басты шыршаны жағуға қалалықтар суыққа қарамастан үлкен қуанышпен келді. Облыс әкімі Ермек Маржықпаев басты мерекемен құттықтады, деп ішкі саясат басқармасы хабарлайды.

Көкшетауда басты шырша жағылды
Фото: Акимат Акмолинской области: Facebook

Басты шырша биіктігі 22 метрді құрайды. Өткен жылдағыдай шеберлер қолдарынан келгенше тырысты. 35 шебер оның 15 суретші бір ай ішінде мұздан әр түрлі ғажайып фигуралар салды. Лабиринт, мұз төбешіктері, жануарлардың мұз мүсіні көз қуантады және қалашыққа келген барлық адамдарға жаңа жылдық көңіл-күй сыйлайды. Айта кету керек, қалада 5 мұз айдыны жұмыс істейді.

Шыршаны жағу күні көкшетаулықтарға театрландырылған шоу мен салют ұсынылды. Сондай-ақ, сауда павильондары қойылды. Павильондарда тұрғындар ыстық шаймен жылынып, дәмді және хош иісті өнімдерден дәм татуға мүмкіндік алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1833619-kksetauda-basty-syrsa-zagyldy/

pixel