2020 жылдан бастап әйелдер қанша жаста зейнетке шығады

Опубликовано:

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап әйелдердің зейнет жасы 59,5 жасқа дейін ұлғаяды. Осы орайда Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жылдың соңына дейін зейнетақы тағайындау үшін кімдер өтініш жазу керектігін хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Көрнекі фото:pixabay.com
Көрнекі фото:pixabay.com: Depositphotos

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры келе жатқан Жаңа жыл қарсаңында қордан зейнетақы төлемдері зейнет жасына толған ел тұрғындарына (ерлерге - 63 жастан бастап, әйелдерге биыл 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін 59 жасқа толғанда) берілетінін тағы да еске салды.

Бұл ретте әйелдердің зейнетке шығу жасы 2027 жылы 63 жасқа жеткенге дейін жыл сайын 6 айға ұзартылып отырады. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап әйелдер "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Заңның 11-бабының 1 тармағына сәйкес зейнеткерлікке 59,5 жасқа толғанда шығады.

Айта кетейік, егер әйел адам зейнет жасына биылғы 30-31 желтоқсанда толатын болса, онда оған 10 күн қалғанда, яғни 21-31 желтоқсан аралығында халыққа қызмет көрсету орталығына барып, өтініш беруі қажет.

Егер қандай да бір себеппен келе алмаса, зейнетақыны рәсімдеу үшін тағы 6 ай күтуіне тура келеді.

Еске сала кетейік, күні кеше биыл әлеуметтік салада атқарылған жұмысты қорытындылаған үкімет басшысының орынбасары Бердібек Сапарбаев зейнетақы қорындағы ақшаны пайдалану мәселесі шешімін табуға жақын екенін мәлімдеген еді.

Оның сөзінше, үкімет зейнетақы қорындағы ақшаны пайдалану туралы ұсынысты әзірлеп біткен. Енді оны президент қарауына жібермек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1833625-2020-zyldan-bastap-jelder-kansa-zasta-zejnetke-sygady/