Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысы әкімінің портреті аукционда 31 млн теңгеге сатылғаны рас па (видео)

Жарияланған күні:

Желідегі парақшалардың бірінде Павлодар облысы әкімінің портреті аукционда 31 млн теңгеге сатылып жатқан видео пайда болды. Кейін облыс әкімдігі аталмыш жағдайға қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Newtimes.kz-ке сілтеме жасап.

Қайырымдылық балынан фото: pavlodarnews.kz
Қайырымдылық балынан фото: pavlodarnews.kz: Depositphotos

Желідегі парақшада белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатов пен Ярослав Мелехиннің Павлодар облысы әкімі Болат Бақауовтың суретін ірі сомада аукционға шығарғаны анық естіледі.

"Нәтижесінде сурет 31 млн теңгеге сатылды", - деп жазған автор.

Басылым редакциясы Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз хатшысымен хабарласып, аталмыш жайтқа қатысты пікірін білген. Ондағылар:

"Бұл тек жүргізушілердің әзілі болған", - деп жауап берген.

Белгілі болғандай, кеше 25 желтоқсан күні, облыс әкімдігінің қолдауымен қайырымдылық акциясы өткен. Шарада түрлі қылқалам шеберлерінің 20-дан астам суреті аукционда сатылымға шығарылыпты.

Қайырымдылық акциясына кәсіпкерлер мен меценаттар қатысқан. Облыстың баспасөз хатшысының сөзінше, 31 млн теңге – аукциондағы барлық суреттердің бағасы екен. Ал облыс әкімі Болат Бақауовтың портреті 700 мың теңгеге сатылған.

Сонымен бірге ведомство өкілі аукционда жиналған барлық қаржы "Қазақ зағиптар қоғамы" оқу-өндірістік мекемесіне аударылатынын мәлім еткен.

Қайырылымдылық қоры кеші де өзі зағиптар қоғамына арналып ұйымдастырылыпты. Жалпы кеш қорытындысы бойынша 52 млн 200 теңге қаражат жиналған көрінеді.

Айта кетейік, бұл жаңа жыл қарсаңында елімізде алғаш рет өткізіліп отырған қайырымдылық шарасы емес. Бұған дейін белгілі әнші Ерке Есмахан жүлдеден алған екі миллион теңгесін қайырымдылыққа жұмсайтынын айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1833668-pavlodar-oblysy-kimini-portreti-aukcionda-31-mln-tegege-satylgany-ras-pa-video/