Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы BekAir апаты: Есін жимаған екінші ұшқышты сақшылар күзетуде

Опубликовано:

Алматыдағы ұшақ апаты: оңтүстік астанада қайғылы оқиғаның жаңа деректері айтылған брифинг ұйымдастырылды. Екінші ұшқышқа операция жасағаны белгілі болды, бірақ әлі өзіне келмеген. Сондай-ақ, оны ауруханада сақшылар күзетуде деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

реанимцаия
Фото: NUR.KZ: Original

Екінші ұшқыштың жағдайы ауыр деп бағаланды. Таңертең оған алматылық және Нұр-Сұлтаннан келген мамандар ота жасады.

Сәтті операциядан кейін ол әзірге наркозда жатыр екен.

Айта кетерлігі, ұшқышты тәртіп сақшылары күзетіп тұр. Бұл туралы 4-ші қалалық клиникалық аурухана бас дәрігерінің орынбасары мәлімдеді.

Сонымен қатар, дәл осы ауруханада тағы бір экипаж мүшесі - стюардесса бар. Оның жағдайы тұрақты деп бағалануда.

Түрлі жарақаттар алған қызметкерге жабық бас-ми және мидың шайқалуы диагнозы қойылған. Сондай-ақ оның мұрны мен жіліншек сүйегі сыныпты.

Тергеу жұмыстары аясында одан түсініктеме алынған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1833996-almatydagy-bekair-apaty-esin-zimagan-ekinsi-skysty-saksylar-kzetude/

pixel