Тараздық әскери балалар үйінен бірден алты баланы асырап алды (фото)

Опубликовано:

Тараз қаласындағы бала бақшаның алты тәрбиеленушілері үшін биылғы жаңа жыл шыныменде ерекше болмақ, себебі олар мерекені отбасымен қарсы алады. Балалардың тағдыры аға сержант Бауыржан Исаев пен жұбайы Ботагөздің балалар үйінен бала асырап алу туралы шешімінен кейін өзгерген деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Қорғаныс министрлігі
Фото: Қорғаныс министрлігі: Depositphotos

Ерлі-зайыптылардың төрт бала тәрбиелеп отырғанына қарамастан, Бауыржан Исаев пен жұбайы Ботагөздің шешімі нақты және анық болған.

"Жетімсіз Қазақстан" жобасының идеясы туралы Ботагөз теледидардан көрген болатын. Ерлі-зайыптылардың бұл ойын бір үйде тұратын Бауыржанның ата-аналары қолдаған.

Аға сержант Бауыржан Исаев "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімінде механик-жүргізуші болып қызмет атқарады. Әскери қызметші Қарулы Күштерінде осымен 15 жыл үлгілі қызмет етіп және еліміздің қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетінің нығайтуына із үлесін қосуда. Қызметтестері мен командирлері оны өз ісінің білімдері маманы, тиянақты және тәртіпті адам ретінде біледі.

"Біз оның жұбайымен бірге балалар үйінен балаларды алуды шешкенін білгенде таңғалдық және қолдадық. Ол кісіде бәрі әрдайым жақсы. Үйдеде де, жұмыста да", - дейді әскери бөлім командирінің орынбасары майор Бағдад Әбдірахманов.

Бастапқыда Бауыржан мен Ботагөз үш баланы асырап алуды ойлаған. Бірақ балалармен жеке танысқан кезде бір баланың аға-інілері мен әпке-қарындастары бар екені белгілі болған.

Барлық балалардың ата-аналары бар, алайда өз міндеттерін дұрыс орындамауынан ата-ана құқығынан айрылған.

Тек үшеуінің ата-анасына өз құқығынан айрылғаны жайлы мәртебе берілмеген. Заң бойынша оларды әзірге асырап алушы отбасына беруге болмайды. Бірақ Бауыржан мен Ботагөз алған ойынан қайтпайды. Олар сабырмен күтуде. Осы шешім қабылданғаннан кейін Исаевтар отбасында қазіргідей он емес, он үш бала болады.

"Жұмыстан үйге оралғанда, балалар "әке" деп алдымнан жүгіріп шығады. Үш жасар қызым Ангелинаны кіші болғандықтан көтеріп аламын, бір ұлым бушлатты шешсе, екіншісі әскери бас киімді алады. Осылайша бәріміз тату-тәтті үйге кіреміз", - дейді", - Бауыржан Исаев.

Қазір Исаевтар әулеті жаңа жылды қарсы алуға дайындалуда. Үйде шырша әсемделіп, балалар өлең оқиды, және де ата-анасы, ата-әжесі, достары мен Аяз атадан сыйлықтар беріледі.

Еске сала кетейік бұған дейін Алматыда ата-ананың қамқорынсыз қалған 60 баланы бауырына басып, тәрбиелеп отырған Әмина қажы Аджибаева жетім балаларды шетелдіктерге сатуға қарсы шыққанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1834258-tarazdyk-skeri-balalar-jinen-birden-alty-balany-asyrap-aldy-foto/