Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

UFC мамандары Хабиб Нурмагомедов пен Макгрегордың гонорары туралы айтты

Опубликовано:

UFC Президенті Дэйн Уайт ресейлік жекпе-жек шебері Хабиб Нурмагомедов пен ирландиялық Конор Макгрегордың гонорарына қатысты мәліметтермен бөлісті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Фото: sportsdaily.ru
Фото: sportsdaily.ru: Twitter
"Бұл жігіттер өте мол көлемде қаржы тапты. Конор мен Хабибтің артында бүтіндей бір мемлекеттің мәдениеті, діні тұр. Оларға төленетін қаржы көлемі расында да қыруар. Гонорардың нақты санын естіген адам таңқалып, таңдай қағатынына сөз жоқ. Алайда мен ол туралы ешкімге айтпаймын. Жекпе-жекке шыққан екі азамат та өздерінің қанша ақша табатындарын біледі.
Алайда, келісімшартта ол туралы ештеңе айтылмаса да Хабиб та, Конор да гонорардың нақты көлемін айтпайды. Олар не істесе де өздері біледі. Бірақ олардың ешқайсысы өздерінің гонорарлары туралы айтқылары келмейді",-деді Уайт.

Айта кетейік, бокс туралы жазатын танымал BoxingNews24.com сайты 2019 жылдың қорытындысы бойынша P4P рейтингінің нұсқасын жария етті.

"Орта салмақтағы бұрынғы король Геннадий Головкин төменге сырғыды, дегенмен ол P4P тізімінде бар",- деп жазады басылым.

BoxingNews24.com нұсқасы бойынша ТОП-10 тізімі:

1. Василий Ломаченко

2. Сауль Альварес

3. Эррол Спенс

4. Наоя Иноуэ

5. Теренс Кроуфорд

6. Александр Усик

7. Мигель Берчельт

8. Деонтей Уайлдер

9. Геннадий Головкин

10. Мэнни Пакьяо.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1834427-ufc-mamandary-habib-nurmagomedov-pen-makgregordy-gonorary-turaly-ajtty/

pixel