Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Зеленский украиналықтарды ерекше құттықтауымен таң қалдырды (видео)

Опубликовано:

Украина президенті Владимир Зеленский мемлекет басшысы қызметінде отандастарына алғашқы құттықтауын жолдады. Украиналықтар 2020 жылға бірнеше минут қалғанда көрген видеоны ерекше әсермен қабылдады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Владимир Зеленский. Видеодан кадр: Офіс Президента України
Владимир Зеленский. Видеодан кадр: Офіс Президента України: Depositphotos

Владимир Зеленский Украина тұрғындарын 13 минут құттықтады. Құттықтауға басқа да украиналықтар-саясаткерлер, шоу-бизнес өкілдері, тележүргізушілер мен спортшылар қатысты.

Үндеудің басты тақырыбы "украиналық" түсінігінің негізгі мағынасын ұғындыру болды. Президент жеке куәлігінде " Украина азаматы" деген жазуы бар жандарды не біріктіретінін түсіндірді.

Сонымен қатар, Зеленский халықтың бірлігі жайлы айтты. Оның сөзінше, сен адвокат болсаң да, қарапайым қызметкер болсаң да, Киевтің немесе Одессаның тұрғыны болсаң да, тіпті, "Тақтар ойынын" ешқашан көрмесең де "біздің қатарымыздасың".

Өз құттықтауында Украина прзиденті украин тілінен орыс тіліне, қырым-татар тілін ауысып отырды.

Қорытындылай келе, Зеленский украиналықтарды Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, барлық жақсылықты тіледі. Сондай-ақ, халыққа жақсы тамақтанып, ұйықтауды ұсынды.

Айта кету керек, бейнеролик президенттің қарапайым құттықтауына ұқсаған жоқ. Видеода президенттен бөлек кадрлар да пайда болды. "Страна. ua" басылымында хабарлағандай, өткен жылы Украина президенті Порошенконың құттықтау сөзі 5 минутқа жалғасқан. Ал Зеленскийдің ролигі одан екі есе көп болып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, Тоқаев қазақстандықтарды Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1834437-zelenskij-ukrainalyktardy-erekse-kttyktauymen-ta-kaldyrdy-video/

pixel