Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мал ауруларына шалдықпайтын ешкінің сүті қаншалықты пайдалы

Жарияланған күні:

Ел арасында ешкі сүтінің пайдасы туралы көп айтылады. Шын мәнінде төрт түлік малы өнімінің адам ағзасына қандай пайдасы бар екенін KAZ.NUR.KZ басылымы Ақ жайық басылымына сілтеме жасап жазады.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Depositphotos

Ғалымдар ешкі сүтінің емдік және аурулардың алдын алуда, әсіресе, анемияда, тағамдық аллергияда, туберкулезде, асқазан, ішек-қарын жолдарының ауруларында, диабетте, диатезде, ағзаның қорғаныс қызметін арттыруда, ағзадан ауыр металдардың тұздары мен радионуклидтерді шығаруда және көздің нашар көруінде пайдалы деген қорытынды жасады.

Сондай-ақ, ешкі сүтінде кальций, магний, фосфор, марганец, мыс, А, В1, С және Д дәрумендері, аскорбин қышқылы бар.

  • Сиыр сүтіне қарағанда ешкі сүтінде В12 дәруменінің құрамына кіретін кобальттың мөлшері 6 есе көп, ал калийдің жоғары мөлшері жүрек-қантамыр жүйесінің қызметіне оңтайлы әсер етеді.
  • Сиыр сүтіндегі темірге қарағанда ешкі сүтінің темірі жақсы сіңеді, бұл анемияның алдын алуда аса маңызды, - деп отыр мамандар.

Сондай-ақ, олар балаларды қоректендіруде сиыр сүтіне қарағанда ешкі сүті жарамды келетінін зерттеді.

Әрине, бала үшін ана сүтіне жететін тағам жоқ, бірақ жасанды немесе аралас қоректендіруде ешкі сүті ана сүтін алмастыру үшін лайықты және 6 айдан асқан балалар үшін қосымша қорек ретінде пайдалануға болады.

Айта кететін жағдай, ешкі туберкулезбен, бруцеллезбен, сиыр ауыратын басқа да аурулармен ауырмайды.

Осыған дейін, KAZ.NUR.KZ басылымы бөдене жұмыртқасының пайдасы туралы қызықты мәлімет ұсынды.

Мамандардың мәліметінше, бөдене жұмыртқасы биологиялық құндылығы жөнінен тауықтың жұмыртқасынан басып озады.

Дала құсының бес жұмыртқасы тауықтың бір жұмыртқасының­ салмағымен тең болғанымен бөдене жұмыртқасынрың құрамындағы ка­лий мен фосфор­ тауық жұмыртқасын­ан бес есе көп, ал темір 4, 5 есе, В және В12 витаминдері 6 есе көп.

Сондай-ақ, олардың құрамындағы ка­льций, мыс, кобальт және түрлі амин қышқылдары тауық жұмыртқасына қарағанда әл­де қайда жоғары.­

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1834534-mal-aurularyna-saldykpajtyn-eskini-sti-kansalykty-pajdaly/