Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанның үш бөлігін өзара қоспақ

Опубликовано:

Елорданың қалалық билік өкілдері Нұр-Сұлтанның үш бөлігін өзара қосуға шешім қабылдады. Олар бұл қадамға мегаполистің ескі бөлігінде тұратын халық анағұрлым қолайлы өмір сүруі үшін барған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Елорданың жергілікті атқарушы органдары алдағы он жыл мерзімде қаланы дамыту мен көркейту стратегиясын жасап шығарды .

Хабар 24 арнасының хабарлауынша, қаланың билік өкілдері ең алдымен, елорданың ескі бөлігін мекен ететін тұрғындардың өмірін айтарлықтай жақсы әрі барынша қолайлы етуді мақсат еткен.

Мамандар мен сарапшылар есебіне сәйкес, 2030 жылы Қазақстанның бас қаласында шамамен, екі миллионға жуық адам тұратын болады. Сол себепті, дәл Нұр-Сұлтан аумағында үй салудың заманауи әдістерін қолдану іске асырылмақ.

Айта кетерлігі, жоғарыда келтірілген әдіс еліміздің өзге қалаларында да қолданылмақ. Әкімдік өкілдерінің хабарлауынша, аталмыш тәсіл тек елорда, оңтүстік астана мен үшінші мегаполиске ғана қатысты емес.

Үй салудың инновациялық әдіс-тәсілдері Атырау, Қарағанды мен Ақтөбеде қалаларында іске асырылуы мүмкін.

Айта кетейік, бұған дейін оңтүстік астанадағы Көк-Төбеде төтенше оқиға орын алғаны хабарланған болатын. Кішкентай бала аттаркциондардың бірінен құлап кеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1834627-nr-sltanny-s-bligin-zara-kospak/

pixel