Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тұман мен көктайғақ: Қазақстанның бірқатар облыстарында дауылды алдын ала ескерту жарияланды

Опубликовано:

Қазақстанның бірқатар облыстарында бүгін кешке ауа райы күрт бұзылуы мүмкін. Оған қоса, синоптикалық болжамдардың нашарлауы ертең де орын алмақ деп жазады KAZ.NUR.KZ "Қазгидрометке" сілтеме жасап.

Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com: UGC

Метеорологтардың ақпаратынша, Қызылорда, Ақмола, Түркістан және Қостанай облыстарында ауа райы бұзылмақ. Ауа райының күрт нашарлауы Көкшетау, Шымкент пен Түркістанда да орын алады.

Ертең жоғарыда аталған облыстарда қар мен жаңбыр жауып, жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жететін жел соқпақ.

Жауын-шашын салдарынан боран соғып, тас жолдар көктайғақ болмақ. Кейір облыстарда тұман туындау қаупі аса жоғары болып отыр.

Одан бөлек, СҚО ТЖД-нің ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы бұл аралықта тұман кесірінен жол көрінбей, апатты жағдайлар көрсеткіші өсіп кетуі мүмкін екенін ескертеді.

Ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар жолдарда КТ-28- Тимирязево-Сарыкөл-облыс шекарасына дейін барлық көлік түрлері үшін қозғалыс тоқтатылды.

Сонымен қатар, мамандар оқыс жағдайларды болдырмас үшін бар шараларды қолдануыға кеңес беруде.

Айта кетейік, бұған дейін Екатеринбург-Алматы тас жолында жантүршігерлік жол апаты орын алғанын хабарлаған болатынбыз. Жол-көлік оқиғасында бір ер адам мен бала қайтыс болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1834654-tman-men-kktajgak-kazakstanny-birkatar-oblystarynda-dauyldy-aldyn-ala-eskertu-zarialandy/

pixel