Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев қазақстандықтарды Рождество мерекесімен құттықтады

Опубликовано:

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Рождество мерекесімен құттықтады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Тоқаев қазақстандықтарды Рождество мерекесімен құттықтады
Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Мемлекет басшысының мерекемен құттықтау мәтінін Ақорда жариялады.

" Қымбатты қазақстандықтар!

Еліміздің православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтаймын!

Тарихы көне ғасырлардан бастау алатын бұл мейрам азаматтарды адамгершілік, мейірімділік және бауырмалдық сияқты мәңгілік құндылықтардың қадір-қасиетін терең ұғынуға шақырады.

Конфессияаралық келісім – мемлекетіміздің табысты дамуының маңызды факторларының бірі. Біз елімізді мызғымас береке-бірліктің рухына сәйкес өркендетіп, болашаққа нық қадам басып келеміз.

Қазақстан қоғамының ажырамас бөлігі саналатын православ христиандары тәуелсіздігімізді нығайтуға мол үлес қосуда. Біз халқымыздың әл-ауқатын арттыру үшін бірге қажырлы еңбек ете береміз.

Барлық православ христиандарына амандық және бақ-береке тілеймін!

Елімізде әрдайым бейбітшілік пен бірлік болсын!", - деді президент.

Естеріңізге сала кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Instagram желісіндегі оқырмандарының саны миллионнан асқанын жазған едік. Бұл туралы кеше, 6 желтоқсан күні Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында жазды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1834999-tokaev-kazakstandyktardy-rozdestvo-merekesimen-kttyktady/

pixel