Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Құдайдан көмек сұраған: Иранда құлаған ұшақтан студенттің хаты табылды (фото)

Опубликовано:

8 қаңтар күні Иранда украиналық ұшақ апатқа ұшырап, жолаушылардың барлығы қаза тапты. Құтқарушылар әуе лайнері қалдықтарынан қолжазба хат тауып алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Mash telegram арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Апат орны. Фото: isna.ir; Хат. Фото: Mash telegram арнасы
Апат орны. Фото: isna.ir; Хат. Фото: Mash telegram арнасы: Twitter

Табылған хатта ирандық студент Құдайдан емтиханға көмектесуді сұраған.

Алдын ала ақпарат бойынша, қайтыс болғандардың көп бөлігі канадалық студенттер. Олар украиналық әуе желісін төмен бағаға байланысты пайдаланыпты. Бүгін таңертең шетелдік студенттер рождестволық демалыстан соң елге қайтып бара жатқан екен. БАҚ ақпараттарына сәйкес, бортта 15 украиналық (2 жолаушы және 13 экипаж мүшесі) болған.

Еске сала кетейік, 8 қаңтарда таңертең Имам Хомейни атындағы Тегеран халықаралық әуежайында Украинаның Boeing 737 лайнері әуеге көтерілгеннен кейін екі минуттан соң апатқа ұшырады.

Әуе апатынан лайнердегі барлық жолаушылар қаза тапты. Украина президенті Владимир Зеленский Тегеран маңында ұшақ апатынан қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты.

Кейіннен Украина ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесі 8 қаңтарда болған әуе апатынан қаза болғандардың нақты санын атады.

Кейіннен Украина радасы Ирандағы апатқа пікір білдірді.

"Ұшақтардың ішінен өздігінен өрт шықпайды және мұндай жағдай МАУ ұшақтарында болған емес. Сондықтан да Иранның аваициялық билігі тарапынан тергеудің ашықтықтын күтеміз. Апаттың себептері жөнінде толық әрі шынайы жауап ұсыну маңызды", – деп жазды Яременко өзінің Facebook парақшасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1835198-kdajdan-kmek-sragan-iranda-klagan-saktan-studentti-haty-tabyldy-foto/

pixel