Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"30 жасқа үлкен": Отбасылы адаммен көңіл жарастырған келіншек жан сырын ақтарды

Опубликовано:

24 жастағы келіншек күйеуінің ұрып-соғуынан шаршап, екі жыл бұрын құрған отбасынан кетіп қалғанын сөз етті. Оның айтуынша, ер адам ата-анасының сөзін тыңдап, әйелді таяқ астына алып тұрған екен. Енді бодан болған келіншек өзінен 30 жас үлкен отбасылы адаммен араласып жүргенін ашып айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ

"30 жасқа үлкен": Отбасылы адаммен көңіл жарастырған келіншек жан сырын ақтарды
Көрнекі фото: pxhere.com: UGC

Бұл туралы әйел адам Instagram-дағы astana__forum парақшасына жазды.

"Жасым 24-те. 21 жасымда бірнеше жыл дос болған жігітке тұрмысқа шықтым. Ол екеуіміз ұзақ жылдар бойы кездесіп жріп, бір күні мен өзімнің жүкті екенімді білдім. Алайда оның ата-анасы қарсы болғандықтан, түсік жасатуыма тура келді. Баламнан айырылғаннан кейін одан кетіп қалдым. Бірақ сүйіктім артымнан қалмай, кешірім сұрап жүрді", - дейді кейіпкер.

Келіншектің сөзінше, жұбайының ата-анасы оны бірден ұната қоймаған екен. Сол себепті о баста балаларын сүйіктісіне қарсы қойған.

"Содан қалауымызға қол жеткізіп, екеуіміз отбасылы болдық. Содан қайтадан аяғым ауырлады. Қызымыз дүниеге келді. Күйеуімнің отбасымен тұруыма тура келді. Олар өз кезегінде мені жек көрді. Балалары мені тым қатты жақсы көргенін көтере алмады. Осылайша күйеуім көп ұзамай қол көтеріп, мені белдікпен сабайтын болды. Екі жыл бойы оның іс-әрекеттеріне шыдап келдім. Бірақ жақында ажырасып кеттім", - деп ашынды ол.

Күйеуінен кетіп, қызымен жаңа өмір бастамақ болған әйел өзінен 30 жасқа үлкен ер адамды кезіктіріпті. Алайда ер азаматтың өз отбасы бар екен. Десе де, ол келіншекті сүйетінін, одан бас тартпайтынын жеткізіпті.

Көп ұзамай өзімнен 30 жасқа үлкен ер адамды кезіктірдім. Ол маған және қызыма барынша көмектеседі. Өзінің отбасы, үш баласы бар. Мені қатты сүйетінін айтып, үнемі жанымнан табылады. Әйелі де мен туралы бәрін біледі. Онымен бір жерге шыққанда қатты ұяламын. Барлығы мені оның көңілдесі деп ойлайды", - деді келіншек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1835354-30-zaska-lken-otbasyly-adammen-kil-zarastyrgan-kelinsek-zan-syryn-aktardy/

pixel