Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы ұшақ апаты: Жапа шеккен балалардың ата-анасы Аружан Саинға жүгінді

Жарияланған күні:

Балалар омбудсмені Аружан Саин Алматыда 27 желтоқсан күні болған әуе апаты кезінде зардап шеккен балалар мен олардың ата-аналары туралы айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Аружан Саин. Фото: facebook.com/aruzhan.sain
Аружан Саин. Фото: facebook.com/aruzhan.sain: UGC

Балалар құқығын қорғаушы Facebook әлеуметтік желісіде жапа шеккен балаларға жазба арнаған.

Саин апаттан кейін ауруханаға 9 баланың жеткізілгенін мәлімдеді. Қазіргі уақытта олардың бәрі медициналық мекемелерден кетіп қалған.

Сондай-ақ ол балаларға қамқорлық жасап, қажетті көмек көрсеткен дәрігерлерге де алғыс білдірді.

Алайда Саиннің айтуынша, ұшақ апаты кезінде зардап шеккен балалардың ата-аналарының арасында омбудсменнен көмек сұрағандар да бар екен. Хабарламада көмек сұрағандарға қатысты жұмыстың басталып кеткені айтылды.

Сондай-ақ Саин Қазақстан президентінің зардап шеккен балалар мен олардың отбасына қатысты ерекше тапсырма бергенін жазды.

Омбудсменнің сөзінше, қорқынышты апаттың куәгері болған әр баланың отбасы туралы толық мәлімет жиналатын болады. Ата-аналары қайғылы жағдай кезінде алған жарақатынан еңбекке жарамсыз болып қалған немесе қаза тапқандардың балаларына ерекше назар аударылмақ.

Әрбір кәмелет жасына толмағандардың отбасылық жағдайын мұқият зерттеген соң балалар құқығы қорғауға бағытталған көмек көрсетілетін болады.

Сондай-ақ жазбада барлық ата-аналар сақтандыру төлемдерін қалай алуға болатыны көрсетілген нұсқаулықты алуы тиісті екені жазылған.

Еске сала кетсек, 27 желтоқсанда Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алған Bek Air әуе компаниясының рейсі апатқа ұшырады.

Оқиға салдарынан 12 адам қаза тауып, 49 адам әртүрлі жарақат алған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1835520-almatydagy-sak-apaty-zapa-sekken-balalardy-ata-anasy-aruzan-sainga-zgindi/