Алматыдағы Esentai Mall сауда орталығынан жарылғыш зат табылған жоқ

Опубликовано:

Алматыдағы "Esentai Mall" сауда орталығындағы адамдарды шұғыл түрде шығарылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Фото: : instagram.com/kris.p.online
Фото: : instagram.com/kris.p.online: Depositphotos

Алматы полициясы сауда орталығындағы адамдарды эвакуациялаудың себебін түсіндірді.

Ведомствоның мәліметінше, құқық қорғау органдарына Алматыдағы жылдам тамақтанатын мейрамханалардың біріне жарылғыш зат қойылғаны туралы хабар түскен.

"Қазір бұл ақпаратты тексеру үшін барлық қажетті шаралар қабылдануда. Эвакуация жасалды. Осы оқиғаға байланысты барлық жедел әрекет ету қызметтері күшейтілді", - деп хабарлады Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі.

Кейін белгілі болғандай, сауда орталығы толықтай тексеріліп, нәтижесінде тексеру кезінде ешқандай жарылғыш зат табылмаған.

Еске сала кетейік, бұған дейін де сауда орталығынан адамдар қауіпсіз жерге көшірілген болатын.

Ол кезде полицияға әл-Фараби даңғылында орналасқан банктердің бірінде жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама түскен болатын.

Сонымен қатар жарылғыш зат туралы хабарламадан соң, оңтүсік астанадағы "Нұрлы Тау" бизнес орталығынан да адамдар эвакуацияланған еді.

Дегенмен тексеру шараларының аясында құрылғы туралы ақпарат расталған жоқ.

Өткен жылы куәгерлердің бірі қаладағы Райымбек даңғылында орналасқан "Молл Апорт" сауда ойын-сауық орталығын да жарылығыш затты іздеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтқан еді.

Алайда тексеру жұмыстары сәтті аяқталып, ғимараттан ешқандай жарылғыш зат табылмады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1835601-almatydagy-esentai-mall-sauda-ortalygyndagy-adamdardy-sgyl-trde-evakuacialap-zatyr/